Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Біртанов Қаскелеңдегі аурухананы сотпен жаптырып тынбақ

Ал бүгін министр, шілде айының соңына дейін олқылықтар реттелмесе, аурухана бәрібір жабылатынын жеткізді. Министрлік пен әкімдік арасында қылаң берген бұл шетін мәселе Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасындағы  шудан басталған еді. Менингит дерті ушыққанда аурухананың ахуалын көзбен көрген Елжан Біртанов дәлізде жатқан сырқаттардан аяқ алып жүре алмай, талапқа сай келмейтін мекемені жабу керектігін айтқан болатын.

Алайда, министрдің байламына өзге уәж айтқан Алматы облысының әкімдігі, Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасын жабуға негіз жоқ дейді. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, 120 орындық мекеме жылына 7 мыңға жуық науқас қабылдайды. Ал, аурухана жұмысын тоқтатса, орны толмас қателікке ұрынамыз дейді әкімдіктегілер.

“Әкімшілік өзінің кепілдігін берген. Шілде айының аяғына дейін бәрін жөндетеміз деп. Егер жөндесе әрі қарай жұмыс істейді. Бірақ, жөндемесе біз сот арқылы аурухананы жапқызуға қажетті шешімді ұсынамыз”,- дейді Біртанов.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз