Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Бірінші пайызын көтереді, сосын…”. Елбасы банкирлердің қалай тонайтынын айтып берді

Ал, акционерлер болса ол ақшаны ұрлайды немесе өз адамдарына таратып береді.

Бұл банк жүйесіндегі нағыз тәртіпсізсік. Менің ойымша, жағдайы жақсы банк ешқашан төлем жасауға қабілетсіз адамдарға несие бермейді. Ал бізде не болды? Акционерлердің өздері қаражаттың қайтармайтынын біліп, өз адамдарына несие берді және тұтастай алғанда ақшаны айналымға түсіріп, ұрлады»,- деді Мемлекет басшысы.

Осыған мысал ретінде жуырда ғана салымшыларын шулатып қойған «Астана» банкін алайық. Қаншама адам өз қолымен депозитке салған ақшасын және жалақысын даулап, әбден күйінді. Сондықтан Назарбаев Данияр Ақышевқа бұдан былай салымшылардың шотын қатаң қорғауға тапсырма берді.

«Қатаң болуы керек. Бізге банктердің саны қажет емес. Адамдар бұл банктерге мемлекеттік жүйе деп сеніп, барады. Алайда, онда БТА банкі сияқты 6-7 миллиард долларды тонайтын алаяқтар отырады. Алаяқ акцинерлерден келген залалды әлі де қалыпқа келтіріп жатырмыз. Сондықтан мен сізден ешқандай тәртіпсіздікке жол берілмеуін талап етемін»,- деді Елбасы Данияр Ақышевқа.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз