Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Бірінің үстіне бірі шықты”. Даулы видеоға қатысты облыс әкімдігі түсінік берді

Алайда, облыс әкімдігі ол видеоның Жетісу өңіріне мүлдем қатысы жоқ екенін мәлім етті.

«Әлеуметтік желіде аталған оқиға Алматы облысында болған дейді. Ресми түрде мәлім етемін, бұл оқиғаның біздің өңірге мүлдем қатысы жоқ.

Болжам бойынша, Қырғызстан елінде болған. Және де көліктердің көмір сататын қойма алдында бір-біріне жол бермей жатқан сәтінен де әлеуметтік желіде видео тарады. Бұл видеоның да біздің өңірге қатысы жоқ.

Бейнероликтегі оқиға нақты қай облыста болғанын біз анықтадық. Бірақ ол өңірді атамауды жөн көріп отырмыз», – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қазіргі таңда Алматы облысында 29 400 тоннадан астам көмір бар. Ал ертең тағы 16 мың тонна көмір келеді деп күтілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз