Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бірге жазалайық – Әлімханұлы өзін «Боратқа» теңеген канадалықтың сазайын бермек

342

«Қадірлі жанкүйерлер! Бұйыртса, осы жексенбі таңертең ерте ояныңыздар! Канадалықты бірге жазалайық», – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін канадалық боксшы Стюард Макклел (27-3-3) Instagram желісінде Жәнібекті жанкүйерлеріне таныстырып, қазақстандық қарсыласын әжуа еткен болатын. Стюард өз парақшасында жариялаған фотода Жәнібек Әлімханұлын «Борат» кейпінде көрсеткен.

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегі 17 тамызда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді. Уақыт айырмасына байланысты Қазақстанда бұл 18 тамыз таңертеңге сәйкес келеді. Жекпе-жекті QazSport тікелей эфирде көрсетеді.

Еске сала кетсек, 13 сәуірде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) алғашқы титулдық айқасын өткізген болатын. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болған жекпе-жекте ол Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасып, жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін иеленді.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/birge-zhazalayyk-alimhanuly-ozin-boratka-tenegen-kanadalyktyn-sazayyn-bermek_a3556291

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз