Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Бір ұялтайықшы…”. Отандық шоу-бизнес өкілдері ерекше флешмоб бастады (видео)

157

Әнші инстаграмдағы парақшасында жариялаған видеода өзі ұйғыр болса да, қазақ тілін білуі керектігін, сол тілде сөйлеуі керектігін айтады. Барша қазақстандықты қазақ тілінде сөйлеуге шақырады. Бір апта бұрын жарияланған видео 30 мыңнан астам рет қаралған.

“Иә, мен ұйғырмын. Бірақ мен – Қазақстан азаматымын. Осы жерде туып-өстім, білім алдым және жұмыс істеп жатырмын. Бұл – менің үйім. Сол үшін қазақ тілінде сөйлеуім керек, білуім керек. Сендер де қазақша сөйлеңдер. Мейлі акцентпен болсын, мейлі нашар болсын. Ең бастысы, ақырындап сөйлей беріңіздерші. Сосын мен сияқты үйренесіздер”, – дейді Әділжан Омаров.

Осыдан кейін продюсер Тимур Балымбетов те видео жариялап, #soileAinalaiyn флешмобын бастады.

“Досым Әділжан Омаров инстаграм парақшасына керемет видео салды. Сол видеоны көргеннен кейін, менде бір ой пайда болды. Достарымның арасында өзге ұлт өкілдері жеткілікті, олардың арасында қазақ тілін меңгеріп жүргендері де бар. Мен олардан “қазақ тілін үйренудегі ең үлкен қиыншылық не?” деп сұрағанымда, олар “қазақтардың акцентті қабылдамайтындары” деп жауап берді.

https://kaz.365info.kz/khazakhshannan-ajnalajyn-dilnaz-ahmadieva-khazakhshaga-sudaj-video-289218

Біз дүкенге барғанда, таксистермен сөйлескенде, біздің акцентпен сөйлеп жатқанымызды байқайды да, бірден орыс тіліне ауысып кетеді дейді достарым. Сондықтан құрметті қазақстандықтар, акцентпен сөйлейтін қазақтарымызды немесе өзге ұлт өкілдерін қолдайық, оларға ұрыспайық. Керісінше шабыт берейік. Мен осы тұста жаңа бір флешмоб бастағым келіп тұр.

“Сөйле, айналайын” деп аталады. Егер де сіз қазақ тілін енді үйреніп келе жатсаңыз, акцентіңіз болса, ұялмай қазақ тілінде бір-екі ауыз сөз видео түсіріп, #soileAinalaiyn хештэгімен салып жіберіңіз. Бір-бірімізге деген сүйіспеншілігіміз, мейірімділігіміз арта берсін”, — дейді продюсер.

Флешмобты эстрада жұлдыздары бірден қолдап кетті. Олардың арасында әнші Дильназ Ахмадиева, продюсер Эрик Тастембеков және тағы басқалары бар.

View this post on Instagram

Казахстанцы, приглашаю вас поддержать флешмоб #СойлеАйналайын и говорить на казахском языке, даже если с акцентом, даже если вы стесняетесь. Язык требует практики, без неё никак. И прошу с терпением и пониманием отнестись к тем, кто только начинает неуверенные шаги в казахском языке. Давайте друг друга поддерживать! Передаю эстафету #SoileAinalaiyn моим друзьям: @maltsagov_rinat @lido_kz @erik_tastembekov @ranosha_umarova

A post shared by Dilnaz Akhmadiyeva (@dilnaz_akhmadiyeva) on

Бұл кісі – таза қазақ. Бірақ алматылық болып сорлап қалыпты. „Алматыда тек бір қазақ мектебі болды, онда да оған ауылдан келгендерді қабылдайтын„ – дейді ол.

View this post on Instagram

Принял эстафету #сойлеАйналайын #soileAinalaiyn от @balukz и @dilnaz_akhmadiyeva 👍🏼✊🏼😄 На самом деле, во времена моего советского детства, в Алма-Ате была всего одна школа-интернат, где учились на казахском языке, и туда могли попасть только иногородние дети, так что шансов учиться на родном языке у меня не было😬 Это было упущение системы, но зато уже своих детей я отдал в казахский детсад и в казахскую школу, да и внуки мои говорят на родном языке 👍🏼👍🏼👍🏼😄 У меня же присутствует акцент, но я думаю, что чем больше я буду говорить, тем быстрее от акцента избавлюсь!!! Передаю эстафету @isanzh @bayanmaxatkyzy @bagym_m @tursen_alaguzov 😄😄😄✊🏼

A post shared by Эрик Тастембеков (@erik_tastembekov) on

“Қазақша сөйлегенде қиналамын, бірақ сонда да жақсы сөйлеуге тырысамын”, — деген продюсер эстафетаны продюсер Санжар Мұстафинге, актриса әрі продюсер Баян Мақсатқызына, продюсер Бағым Мұхитденова мен бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовке берді.

Жұлдыздар бастаған флешмобқа шоу-бизнес өкілдері ғана емес, қарапайым қазақстандықтар да қосылып жатыр. Олардың арасында өзге ұлт өкілдері де жетерлік. Олар инстаграмда қазақ тілінде видео түсіріп, эстафетаны жалғастыруда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз