Әлеуметтік желіде тойға келген Мөлдір Әуелбекованың би жарысқа қатысқан видеосы пайда болды.
Видеода Мөлдір өзге бикештермен бірге сайысқа түскен. Шарт бойынша, ойынға қатысушыларды көздерін орамалмен байлап, билету керек. Осыны пайдаланған
асаба ұтысқа 100 мың теңгенің телефонын қойғанын айтып, жарыстың ортасына келгенде Мөлдірді алдап соққан.
Орамал таққан соң барлық қыз би жарыстан шығып қалады. Бірақ әр ән қойылған сайын бір-бір қыз ойыннан шығып қалды деп өтірік айтқан асаба көзі байлаулы Әуелбекованы ортада жалғыз селтеңдетіп қойды. Ол жарысқа түсіп жатырмын деп бар өнерін салып, мың бұрала биледі. Ақырында жеңімпаз деп танылып, телефонға ие болды.
Алайда асабадан қулық артылған ба? Әншіні әбден билетіп болған соң ол: “Өз телефонын өзіне бердік”, – деп жұртты қыран-топан күлкіге қалдырды.
https://www.youtube.com/watch?v=2X9lW4ZUUxs