Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қанды іштің ғой…”. Атырауда енесін сабаған келін соттала жаздады

Сотталушы О.Н. Таңдай селосындағы өз үйінің ас бөлмесінде ыдыс аяқ жуып жатқанда енесімен сөзге келіп, енесін бетінен ұрып, жерге құлатқан. Соның салдарынан жәбірленуші Ж.А. Махамбет аудандық ауруханасына түседі.

Басты сот талқылауында сотталушы О.Н.өзінің әрекетіне өкінетіндігін, жәбірленушіден кешірім сұрағанын, ал жәбірленуші сотталушының өз баласының жолдасы болғандықтан онымен медиация тәртібімен татуласқанын, ешқандай талабы жоқ екенін, кешірім бергенін айтқан.

Сот іс құжаттарын зерттеп, сотталушы О.Н. мен жәбірленушінің медиация тәртібінде татуласқанын ескеріп, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз