Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бір реттік вейптер — Қазақстандық жасөспірімдер денсаулығына жаңа қауіп

111

2014 жылдан бері Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қазақстандық балалар мен жасөспірімдер арасындағы вейпинг қарқынына назар аударып келеді. Төрт жылдық бақылау кезінде, елімізде 13-15 жастағы электронды темекі шегетін ұлдардың саны үш есе, ал қыздардың саны екі есе өсті. 2019 жылы 15 пен 18 жас аралығындағы сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің шамамен 13%-ы өмірінде кемінде бір рет электронды темекіні сынап көрген. Ал 1% тұрақты пайдаланады.

Олардың құрамы белгісіз

Стационарлық сату нүктелерінде сатылатын темекі өнімдері мен электрондық сигареттер сертификатталған болса, құрамы белгісіз құны 2-ден 3 мың теңгеге дейінгі бір реттік вейптердің айналымы бақылаусыз.

2021 жылдың қараша айында мәжіліс депутаты Мәди Ахметов мынадай мәлімет айтты

дүкеннің жасырылған сөрелерінің артындағы темекілерді бір рет қолданылатын вейптер алмастырды, оларда никотиннің мөлшері стандартты темекіге қарағанда 2,5 есе көп

Жарқын қаптамадағы бұл электронды құрылғылар тіпті балаларға да еркін сатылады.

— Дүкендерден өзге, әлеуметтік желілерге кірсеңіз де, тәулік бойы никотинді үйіңізге тегін жеткізетін жүздеген жарнамалық хабарландыруларды, пабликтерді, парақшалар мен жасырын телеграм-арналарды көресіз, — деп жазды депутат. — Сатып алушының жасын ешкім сұрамайды. Нәтижесінде, оқу жылының басынан бері оқушылар арасында зиянды темекіге деген сұраныс екі есе өсті. Кейбір мектептерде орта мектеп оқушылары тіпті бастауыш сынып оқушыларына бір реттік темекіні қайта сатады, осылайша олардың вейпке деген қызығушылығын тудырады”.

Ең қызығы, вейптің құрамы туралы ешқандай зерттеу жоқ. Және олардағы никотиннің дозасын ешкім бақыламайды.

Алайда, қандай да бір жолмен бұл сертификатталмаған тауар Қазақстан шекарасынан өтеді және тікелей сатушыларға жіберіледі

Бұл жерде мәселе, әрине, кеден органдарына қатысты. Мәди Ахметов те бұл жағдайды шешуді талап етті.

Қазақстандық мамандар өте кеш реакция берді. Тіпті бірнеше жылға. Кем дегенде 35 елде электронды және бір реттік темекіге тыйым салынған. Тағы 65 мемлекет ерекше жағдайларда жүзеге асырады.

Мысалы, АҚШ-та 2010 жылдан 2019 жылға дейін жүздеген вейп шегуші тыныс алу жүйесінің ауыр проблемаларымен ауруханаларға түскен

Бір жасөспірімге тіпті екі өкпесін де трансплантациялау қажет болған, өкпесі Е дәрумені ацетатының химиялық күюінен зардап шеккен. Батыс дәрігерлері вейптердің құрбандарын құтқара алмай қалған жағдайлар да болған.

Тыйым сал немесе рұқсат бер

— Қазақстандық оқушылар арасында бір реттік вейптердің танымалдылығы – бұл үлкен проблема, — дейді “Денсаулық” Ұлттық қауымдастығының дәрігері және кеңесшісі Гинтаутас Кентра. — 21 жасқа толмаған жастар үшін темекі мен никотині бар өнімдерді сатуға тыйым салуды қамтамасыз етуден бастап оқушылар мен олардың ата-аналары арасында түсіндіру жұмыстарына дейін тұтас шаралар кешені қажет. Екі тарап та құрамы белгісіз өнімдерді пайдалану қаупін түсінбейді.

Бір реттік электронды темекіге нақты сертификаттау талаптары болмағандықтан, жауапкершілік те жоқ

Сапасыз және контрафактілік тауарларды айналымнан шығару заңнамалық шектеулер қабылданғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Сарапшының пікірінше, нарықтағы кез-келген өнім, ең алдымен, қауіпсіздіктің қатаң талаптарына сәйкес келуі керек. Бұл мүмкін болу үшін ұлттық техникалық регламент қажет. Бір реттік вейпте ол жоқ.

Сондықтан қазір тексеруші орган сапасыз немесе денсаулыққа қауіпті өнімді тәркілей алмайды

Бір рет қолданылатын электронды темекінің заңсыз айналымы мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келсе де, мұндай өнімді заңнамалық реттеу туралы ешкім ойламайды.

— Құрамы белгісіз, өндірушісі белгісіз вейптердің саны мен түрлері өсуде, өйткені оларға сұраныс бар”, — дейді Гинтаутас Кентра. — Оларға ең үлкен сұраныс 21 жасқа дейінгі жастарда, себебі оларға стационарлық сату нүктелерінде темекі сатып алу құқығы шектеулі.

Заңсыз және контрафактілік тауарлармен күрес мәселелерін талқылау үшін “Денсаулық” ұлттық қауымдастығы базасында ашық алаң құруды ұсынамын

Мемлекеттік органдар, бизнес және қоғам өкілдері қатысуымен. Себебі Қазақстан аумағындағы айналымда күмәнді вейптер ғана емес, сонымен қатар тамақтану индустриясындағы, фармациядағы, темекі бұйымдары мен алкоголь өндірісіндегі үйреншікті ингредиенттердің балама алмастырғыштар да бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз