КешYou тобының экс-әншісі Ақбота Сейітмағамбет өзі таңдаған жігітінің белгілі шоумен, әзілкеш Дәурен Айдарқұлов екенін ақыры мойындапты.
Бұдан біраз бұрын Ақбота Дәуренмен және тағы әйелмен түскен суретін желіге жүктеген. Ал желідегі жұрт әлгі екі әйелдің бас қосқалы жатқан жастардың аналары болуы мүмкін екенін болжап қойыпты.
Мұнымен шектелмеген. Араға уақыт салып Айдарқұлов екеуінің жеке түскен суретін парақшасына жүктеп қойған.
“Өзіңізді жайлы сезінетін, жаныңызға рахат сыйлайтын жерде болыңыз, бақыт бар”, – деп жазған тағы да.
Желідегі жұрт Ақботаның бұл қылығын түсінбей дал болды. Себебі бұған дейін ол “ешкімнің отбасын бұзған жоқпын” деп жар салған болатын.
Бірақ, мына суреттерге қарағанда бұдан бұрын біздің сайтымызда жарық көрген мақала шындыққа айналған сияқты. Өйткені Ақбота сүйіктісін “Гламур для дур” фильмінің түсірілім алаңынан кездестіргенін айтқан.
Сол екен әлеуметтік желіде өзін Дәурен Айдарқұловтың жарымын деп таныстырған әйел Ақбота Сейтмағамбетті “үш баламның әкесінен айырды” деп айыптаған болатын. “Жел тұрмаса шөп басы қимылдамайды” ғой, солай емес пе?