Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Бір қорап темекіні тартып тастадым”. Байзақова өзінің қалай қамалғанын айтты

157

https://kaz.365info.kz/ajzhan-mynyn-ne-zhalanash-zhyretin-zhas-peri-khazakhty-zherge-kharatty-18-279603

Байзақованың айтуынша, таңғы сағат 8-де оған Жібек есімді танысы хабарласып, Алмалы аудандық РОВД-ға келуін сұраған.

“9-дан кешікпеуің керек деді. Қызды тәрбиешісіне тапсырып болған соң, темекі шегуге жүгіріп шықтым.

Әлгі қыздарға расымен бірдеңе болды деп ойладым. Бір қорап темекіні тауыстым. Сонымен РОВД-ға келдік.

Құдайға шүкір, бәрі аман екен, тек менің “шындыққа” деген сенімім сол сәтте өлді. Тергеу басталды. “Неге, не үшін, не шектің, шу болғанын білесің ба, тағысын тағы…”

Ал мен күліп қана 2-ге дейін маникюрге кетуім керек екенін айттым.

Олар да: “Әрине, барасыз, тек әкімшілік айыппұлды төлеген соң”, – деп жауап берді.

Ешқандай мәселе жоқ, барлығы заң бойынша, айыппұл болса айыппұл. Сонымен мені сотқа жеткізді. Артымнан адамдардың сыбырласып тұрғанын естідім”, – дейді Айжан.

– Айыппұлды төлеуге шамаңыз келе ме?

– Әрине, кешірім сұраймын, төлеуге дайынмын.

– Ок… 5 секунд үнсіздік.

https://kaz.365info.kz/bytyna-khol-saldy-tyngi-klubtagy-tagy-bir-symdykh-18-297715

Судья:

– Клубта әдепсіз сөз айтқаныңыз үшін үш күнге қамауға алынасыз, назар аударғандарыңызға рақмет.

“Рас па? Мен жаңылыс естімедім ме? Яғни қыздарды шешіндіргенім ештеңе емес, ал сіздер мені балағат сөз айтқаным үшін қамап жатырсыздар ма? Таласу бекершілік. Бұл – заң. Үйге барып, заттарымды алуға уақыт берді. Достарым уақытты созып, асықпай баруымды өтінді. Мүмкін бір қателік шығар деді”, – деп сөзін түйіндеген Байзақова хикаяның жалғасын жазуға уәде берді.

https://kaz.365info.kz/kok-ala-khojdaj-ajzhan-bajzakhovany-sabap-tastady-foto-295550

Иә, бұл хикаяның әлі жалғасы бар. Соған қарағанда әділетсіз жазаландым деген қыз басынан өткен оқиғасы бойынша Баян Алагөзова құсап кітап жазуға бел буған секілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз