Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Бір қара пиардың құны – 150 мың”. Заманауи жырау Жан Ахмадиев қалай ақша тауып жүр?

113

“Қазір КТК арнасында шоу бизнес тақырыбында бірнеше жобалар жасаймын. Одан бөлек YouTube желісінде тарайтын жеке бағдарламам бар.Ол жерде танымал тұлғаларды шақырып, сұқбаттасамын. Бір қызығы, осы бірбеткей мінезімді журналистикада жүрсем де, қоя алмаймын. Бізде әншілер сұхбат беру кезінде өздерін асқақ ұстап, “жұлдыз” болып тұрады. Алдында микрофон ұсынып, оны халыққа танытуға жұмыс жасап жатқан журналистке мұрнын шүйіріп қарайды. Мен ондай мінез байқасам, микрофонымды аламын да, ештеңе деместен кетіп қаламын. Түсіріп тұрған таспагердің өзі кейде түсінбей қалады”,- дейді Жан Ахмадиев.

https://kaz.365info.kz/uyzdaj-zhas-zamanaui-zhyrau-zhan-ahmadiev-kopke-tokhalyn-korsetti-foto-275554

Журналистік жобаларынан бөлек, рэпер әншілерге “қара пиар” ұйымдастыратынын айтып, қызметі үшін ақша алатынын да жасырған жоқ.

“Әрине, ақы аламын. Маған әншілер көп хабарласады: “Жәке,осылай да осылай. Маған бір пиар жасау керек еді. Осы тұрғыдан кездесіп, сөйлесіп, ойлассақ” дейді. Мен “әрине, осындай жерге кел, қалтаңа 150 мың теңге салып келе сал” деймін болды”,-дейді заманауи жырау.

Тіпті қай қара пиарды өзі жасап бергендігін де айтып берді.

“Мәселен, Асхат Тарғын “қара пиар” жасау керек деп хабарласты. Сосын мен оған “дәл қазір асаба Айбек Қоңырбай деген жігітке де жарнама керек болып тұр еді, екеуіңді қоса салайын” дедім. Сценарий бойынша, Айбек той жүргізіп жатады, ал Асхат тойға әнші ретінде келеді. Оны тапсырысы көп, уақыты аз сондықтан әнді тезірек айтып кеткісі келеді. Бірақ, асаба оған мүмкіндік бермей қояды. Осы кезде екуінің арасында дау туындап, соңы төбелеске айналып кетеді. Мұны біз бір мейрамханаға апардық та, тапа тал түсте түсірдік”,-дейді заманауи жырау.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз