Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бір депутат батутта секіремін деп көз жұмды

Оқиға Красноярск қаласындағы ойын-сауық кешенінде болған. Попович Турухан аудандық кеңесінің депутаты қызметін атқаратын. Аудандық кеңес те депутаттың өлімін растады. Сергей 2015 жылдан бері халық қалаулысы міндетін атқарып келе жатыр екен.

Красноярск тергеушілері қазіргі кезде аталған жағдайға байланысты тергеуді бастап кетті. Алдын ала деректер бойынша, Попович ойын-сауық кешеніне әйелі және ұлымен бірге келген. Акробатикалық элементтерді орындау кезінде ол оқыс құлап, омыртқасын жарақаттап алады. Оқиға орынына жеткен жедел жәрдем депутаттың көз жұмғанын хабарлаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз