Москва қаласының оңтүстік-шығысындағы саяжайда шабадан табылған. Оның ішінде шамасы 18-25 жастағы жас қыздың денесі табылған. Денесінде атап айтарлық жарақат көрінбейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Қайғылы табысты тапқан жерде Люблинде тергеушілер мен криминалистер жұмыс жасауда деп хабарлайды ТАСС. Бұндай жағдай бір айдың ішінде екінші рет тіркеліп тұр. 8 тамызда Воронцов паркінде осындай ішінде адам денесі болған тағы бір шабадан табылған. Алайда өлген қыздың денесінде ешқандай зорлықпен өлтірілгеннің белгілері байқалмады. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды.