Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Білім беру саласындағы жаңа реформаны парламент сынға алды

514
Кеңес Абсатиров, parlam.kz сайтының суреті

Қазақстанда ең көп реформаланатын білім беру саласына тағы да жаңалық енгізілмек.  30 қаңтарда мәжіліс депутаттарымен өткен кездесуде білім беру вице-министрі Шолпан Каринова ведомстваның жаңа идеясы туралы айтты. Оның сөзінше, министрлік ЖОО-ның үлгісімен 100 балдық бағалау нұсқасын қарастырып отырғаны туралы баяндады.

Қазіргі тоқсандық жиынтық бағалау және біріктілген жиынтық бағалауларға қоса  шенеуніктердің бұл бастамасы түсінбестік туғызды.

Мәжіліс вице-спикері Гульмира Исимбаева алғашқылардың бірі болып  ҚР БҒМ бастамасын сынға алды.

— Балалардың білімін бағалау жүйесін өзгерткеннен білім сапасы жақсармайды

— Біз сіздерге тіпті бұрынғы жүйеге қайта келіп, ешкімнің өмірін қиындатпауды ұсынар едік, — деді Исимбаева.

Шолпан Каринова бірнеше айдың ішінде шешім қабылданатынын айтты. Біз «Ақ жол» фракциясының депутаты Кеңес Абсатировтан министрлік не үшін және қайда асығады деп сұраған едік.

Мен не деймін, домбырам не дейді

— Кеңес Ғарапұлы, сіз Білім министрлігінің депутаттармен өткен соңғы кездесуінде болып, соңғы жаңалықтар туралы естідіңіз. Бұл туралы не ойлайсыз?

— Біз министрлікке үнемі

реформалар тым көп, олар адамдарды жалықтырып жіберді деп айтамыз

Енді қай тілде түсіндіру керегін білмеймін. Өз айтқандарынан қайтпайды.

— Ал бұл реформаның бәрін кім ойлап табады?

— Әдетте ұйымдар мен компаниялардың саясатын кім құрады? Бірінші басшы ғой, әрине. Бұл жерде барлығы министрге байланысты. Ол президентке, үкімет пен қоғамға қандай да бір реформаның тиімділігін дәлелдеп беруі керек.

Біз педагогтердің дәрежесі туралы заң жобасын талқылап жатқанда, мен Италияның жағдайын мысал ретінде келтірдім. Ол елдің министрі бюджетті қысқартқаннан кейін өз еркімен қызметтен кеткен болатын. Яғни, министр аз ақшаға өзінің ойға алған істерін жүзеге асыра алмайтынын түсінді.

біздікілер тек реформалауды ғана біледі, әр министр бір нәрсені ойлап табуға тырысады

Мен үзілді-кесілді қарсымын.

Ешкім ешнәрсені түсінбейтіні анық

— Қазіргі бағалау жүйесі, нақтырақ айтқанда ТБЖ мен БЖБ туралы сіздің фракцияңыздың пікірі қандай ?

— 2019 жылдың 12 желтоқсанында біз дәл осы құраммен вице-премьер Бердібек Сапарбаев төрағалығымен өткен жиында электронды журналдарды, соның ішінде күнделік, ТЖБ, БЖБ  енгізу туралы талқылаған едік. 25 желтоқсанда фракцияға Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Рүстем Биғары келген еді. Ол ақпараттандыруды басқарады. Ол кезде де біраз мәселелер көтерілген еді.

Бүгін екі айдан кейін бұйрыққа  интернет жылдамдығы төмен мектептерде электронды журналдарды алып тастау туралы өзгерістер енгізілетіні туралы айтылды.  Комитеттің әлеуметтік-мәдени даму бойынша  әрбір отырысында “Жүйеде не болып жатыр” деген мәселені көтереміз.

Әрине, реформалар керек, мен келісемін. Бірақ оған ойланып барып келу керек. Мектеп қауымы ТБЖ мен БЖБ-ны толық түсініп үлгерген жоқ

Адамдар балаларының оқу үлгерімін бағалап  үлгере алмай жатыр. Министрлік өзінің бұл әрекетін, балалардың бағаға деген теріс көзқарасына байланысты деп түсіндіреді. Ал менің ойымша, түсінікті жүйе оқушыларға өзінің қатесін түзеуге мүмкіндік береді. Бұл бағалау жүйесін барлығы түсінеді. Ал қазір ТБЖ мен БЖБ қандай қағида бойынша бағаланатынын ешкім білмейді. Барлығы автоматты түрде есептеледі.

Кеңестік оқулықтар жасасын!

— Біз аймақтарға сапарлармен барғанда,  адамдардың бәрі бірдей  жаңа бағалау жүйесін түсінбейтініне көзіміз жетті. Ал кейбір мектептер бұрынғы әдістер мен ескі кітаптарды пайдаланып сабақ өткізеді екен.

Ресей кейінгі шыққан кеңестік кезеңдегі оқулықтарды қайта шығара бастады. Оларды қайта басып шығарып, балалар сол кітаптармен оқуда. Олар түсінікті тілмен жазылған еді

Қанша дегенмен біздің үкімет мүшелері сол кітаптарды оқып, білім алған. Олар ешқандай жаңа реформасыз да осындай білімді болып өсті ғой.

— Білім министрлігіндегі адамдардың күш-қуаты тасып тұр, бұнымен тоқтамайтын секілді. Енді не істейміз?

— Бұл туралы айта беру керек. Ұсыныстарын дәйектеп, барлығын түсіндіруді талап етеміз. Осылай жалғасып, реформадан-реформаны шығара беретін болсақ, Қазақстанда жақын арадағы 10 жылда білім де, медицинада болмайды.

Мен өзімнің барық танысыма балаларын қашықтан оқытуға ауыстыру туралы кеңес беріп жүремін. Олар қашықтан да оқиды, арасында мектепке де барады

Ресейде отбасылық білім беру енгізіліп жатыр. Ата-аналар балаларын өздері үйде оқытады. Бұның барлығы Болон процесінің нәтижесінен болған теріс тенденциялар деп білемін. Біз бір сәт тоқтап, бұл реформдан не алғымыз келеді деп ойлануымыз керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз