Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Білім алғың келе ме?”. 2018-2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының тізімі жарияланды

157

«2018-2019 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді, PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстары бөлінді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бұйрық жарияланған. Министрліктің бұйрығына қоса берілген қосымшада мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ЖОО-ларда жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді, PhD докторларын даярлауға арналған квоталар көрсетілген», – делінген хабарламада.

Мәліметке сай, 2018-2019 оқу жылына

жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант, магистрлерді даярлауға 12 504 грант,  PhD докторларын даярлауға 2 240 грант бөлінген.

Мемлекет тарапынан техникалық мамандықтарға көп грант бөлінгендігін атап өткен жөн. Мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсынан алуға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз