2019 жылдың 19 наурызы күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының президентігінен кетті. Бір жылдан кейін қандай қорытынды шығаруға болады?
Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытын жалғастырып келе жатқаны туралы үнемі айтып жүреді. Қазақстан соңғы жылы ішкі және сыртқы саясаттағы бұрынғы тәжірибеге сүйеніп дамуда. Сондықтан мұрагерлік туралы айтуға болады.
Биылғы жылы билік жүйесіне қатысты да көптеген сын айтылды. Бұның бәрі үлкен өзгерістерді болатынын күтумен байланысты.
Қалалық қоғамда либералды көңіл-күй орнаған
және оның көбінесе Алматыда тарағаны таңғаларлық жайт емес. Бұл қатаң билік жүйесі бар, жоғарыда либералдау процесін бастаған барлық елдерге қатысты.
Ауғанстан мен Иранның жағдайын мысалға келтіруге болады. 1960-70 жылдары бұл мемлекеттерде елдегі күрделі жағдайды жақсарту үшін жоғарыдан бастап либералды реформалар бастаған. Ішкі, ұлтаралық, діни және орталық билік пен аймақтар арасындағы қарам-қайшылықтардың қордаланып тұрғаны анықталды, оларың шиеленісіп кеткені сонша
саяси жүйеге үлкен соққы болып, аяғы бәріміз білетін жағдаймен аяқталды
Ресейде 1917 жылы болған ревоюцияны еске түсіруге болады. Либералды саясаткерлер зиялы қалалық халықтың қолдауына сүйеніп, батыс еуропалық демократиялық үлгімен жаңа ел құруға тырысты. 1917 жылдың қарашасында болған Құрылтай жиналысына өткен сайлауда кадеттер партиясының либералдары сайлаушылар дауысының 8%-ына ие болды. Оларға көбіне қалалық халық дауыс берді. Көптеген ірі қалаларда олар социалистерден (большевиктер мен эсерлерден) басым болды, бірақ ауылдарда толығымен жеңіліс тапты. Кадеттердің көшбасшысы Миликов 1917 жылғы қазандағы революцияға дейін
Ресей халқының көзқарасы басқа болғандықтан, либералды реформалар жүзеге аспады деген болатын
Ең жақсы мысал ретінде Қытайдағы жағдайды келтіруге болады. 1989 жылы Тяньаньмынь алаңында қайғылы жағдай болды. Ол кезде алаңға шыққан жастарды аяусыз басып тастады, бұл осыған дейін жоғарыда басталған либералдау процесінің нәтижесі еді. Бұған қатысты түрлі пікір білдіруге болады, бірақ
сол кезде Дэн Сяопин қатал шешім қабылдамағанда, қазіргі Қатй болмас па еді
Бұл оқиғалар көптеген реформаторлардың алдында тұрған дилемманы көрсетті. Елдегі тұрақтылыққа қауіп төндірмей, экономикалық дамуды қалай қамтамасыз ету керек? Бұл қолда барды жоғалтпай, көздеген мақсатқа қалай жетуге болады деген мәселе.
Сондықтан консерватизм де, либерализм де болады. Ең бастысы оның дамуға бағытталуы маңызды. Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тәжірбиесінің маңызы зор.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жолымен жүріп келеді
Бірде Оңтүстік Кореяның, бірде Сингапур мен Қытайдың тәжірибесінен өз керегін алады. Біздің көршілеріміз Өзбекстан мен Түрікменстанда басқа тәжірибенің қолданылғанын көріп отырмыз.
Қазіргі жағдайда биліктің жоғарыдан төмен жұмыс істеуі барлық мәселеде өз нәтижесін көрсетіп отыр. Сондай-ақ
біздің айналамызда либералды демократия жоқ, ал бұндай жағдайда қажетсіз астан-кестен өзгерістерді болдырмау үшін күшті мемлекет керек
Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі 1990 жылдардағы Қытайды еске салады. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі сол уақытта Қытайдың саяси жүйесіндегі Дэн Сяопиннің рөліне ұқсас. Сондай-ақ
Қазақстан әлемдік экономикадағы ашықтығы, ағылшын құқығы, кәсіпкерліктің еркіндігі және қатаң тәртіп жағынан Сингапурге ұқсас келеді
Премьер-министр Ли Куан Ю көп жыл бойы ақылшы ментор-министр болды.
Жалпы айтқанда, бір жылдың ішінде жүйе айтарлықтай өзгерген жоқ. Жаңа жүйенің қалыпты жұмыс қалпын қалыптастыруға бірақ уақыт кетті. Дегенмен, билік бұрынғы бағытты жалғастыру форматында жұмыс істеп жатқаны анық.