Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-9
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

Билік неге журналистермен санаспай жүр?

111

Жиынға қатысушылар

қазақ журналистерін билік сыйламайды, бұл мәселені шешу керек деп отыр.

Мысалы, қандайда бір басшыдан пікір сұрасаң, жауап алу мүмкін емес. Бұл мәселені оңтайлы шешу үшін қоғамдық бірлестік күш біріктіріп жұмыс жасау керек деген пікір айтылды.

Журналист Төлен Тілеубай қазақ журналистерінің бірігіп, қоғамдық ұйым құрғанын қолдайды. Өйткені, ол соңғы жылдары әріптестерінің беделі түсіп кеткенін байқаған. Ал журналистердің беделін көтеру үшін министрден бастап, облыс әкімдеріне дейін пікір білдіруге міндеттелуі керек.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың нақты «100 қадамында» үкімет халыққа ашық болуы керек деп жазылған. Осыны негізге ала отырып,

«қандай да басшы журналистке ең көп дегенде, 24 сағаттың ішінде жауап беруі керек» деген талап енгізу қажет.

Жалпы, 24 сағаттың өзі көп уақыт болуы мүмкін. Басшы қойылған сұраққа бұдан да қысқа уақытта жауап беруге міндеттелуі керек. Мәселен, АҚШ-қа барғанымда Пентагонның жұмысымен екі күн бойы таныстым. Олардың баспасөз қызметі 24 сағат бойы жұмыс істейді екен. Сонда мен олардың қойылған сұраққа небәрі 4 сағаттың ішінде жауап беретініне таң қалдым. Шын мәнінде, қорғаныс саласы құпия сала болып саналады ғой. Әйтсе де АҚШ билігі жауапкершілік танытып, журналистің сұрағына жедел түрде жауап беруге міндеттелген. Осы нәрсені біз үйренуіміз керек. Ол үшін бізге журналистің мәртебесін анықтайтын арнайы заң керек,

дейді Төлен Тілеубай.

Бізде басқаша. Ақпарат және коммуникация министрлігі

белгілі бір тұлға туралы жазу үшін одан арнайы рұқсат сұрау талабын заңға енгізгелі отыр.

Журналистер өздерінің жұмысына кедергі келтіруді емес, керісінше жеңілдік беруді қалайды. Мысалы, бүгінде қандай да басшыдан пікір алу үшін арнайы хат жолдау керек. Шыны керек, қойған сауалыңа жазбаша жауап алғанша, көтеріп отырған мәселеңнің маңызы жоғалып кетеді.

Ал қойған сұрағыңа ауызша жауап беруден кейбір басшылар азар да безер болады. Себебі «бір нәрсені дұрыс айтпай, басым дауға қала ма», деп алаңдайды.

Шенеунік емес, тіпті мәжіліс немесе мәслихат депутаттарының өзі қойылған сұраққа жауап бермей қашқақтайды.

Төлен Тілеубай бұрынғы мұнай-газ министрі Сауат Мыңбаевқа сауал жолдап, сұрағына алты ай дегенде әрең жауап алғанын айтады. Сондықтан да ол басшыларды көтерілген сұраққа жауап беруге міндеттеу керек деген пікірде. Егер талапты орындамаса, бірінші рет ескерту, екінші рет айыппұл салу көзделуі тиіс.

Бұған да басшы бағынбаса, оның отставкасы талап етілгені жөн. Себебі, өз саласына қатысты сұраққа жауап бере алмаған басшы жұмыста жетістікке жетпейді.

Айтпақшы “Қазақтілді кәсіби журналистер” қоғамдық бірлестігі келесі отырысына ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевты шақырып отыр. Министрмен кездесуде осында айтылған мәселені ашып айтатын боламыз, дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз