Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Біле берсін…”. Айнұр Тұрсынбаева бір сәттік ләззат туралы жазбасымен бөлісті

1560

Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

“Біздің ең үлкен қателігіміз дер кезінде тоқтай алмауымыз. Артының жақсы болмайтынын біле тұра саналы түрде қателік жасаймыз.

Мысалы балаға зиян екенін біле тұра қолына сотка ұстатып қоямыз, себебі құлағымыз тыныш болу керек.

Ертең бала ашуланшақ, мазасыз, көзі нашар көре бастағанда бүкіл жүйкеміз жұқаратынын білсек те бір сәттік тыныштық үшін қателік жасаймыз!

«…Тұрмайды ғой». Айнұр Тұрсынбаева еркектерді жер қылды (видео)

Ертең жоғары оқу орнына түсе алмай сауатсыз болып сорлайтынын біле тұра сабағын қадағаламаймыз, мектебіне бармаймыз! Бір сәттік тыныштық!

Семіріп, ентігіп, ұсқынсыз боп кететінімізді біле тұра тамақ жеуді тоқтатпаймыз. Артынан киім сыймай жын ұрып, суретке түссек қорланып, арықтай алмай қиналатынымызды біле тұра тамақты опырамыз келіп! Бір сәттік раxат!

Ертең әйелі біліп қоятынын біле тұра жігіттер басқа жақтан біреуді тауып алып байланысып жүреді. Бір сәттік ләззат!

Қарап отырсам осы бір сәттік қана ләззаттар бүкіл өміріңнің тыныштығын жоқ қылып жіберуі мүмкін екен.

 

Айнұр Тұрсынбаева: Ашып айтпаса да, екінші әйел болып жүргендер көп

Ораза ойланатын ай! Адам баласы өзі тоқтай алмайтынын біліп Алланың тоқтатып қойған айы! Лайым, оразадан кейін де нәпсіміз тыйылып, өміріміз оң өзгерістерге толсын. Оразаларыңыз қабыл болсын жамағат! Біліп-білмей жасаған күнәләріміз кешірілсін”, – дейді Тұрсынбаева.

 

«Әншейін жатқан…». Сары Алмастың қызы Ситора Назарованың масқарасын шығарды (видео)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз