Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Білдім ғой”. Шымкенттік оқушы аппеляцияға жүгініп, ҰБТ ұпайын өндіріп алды

144

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8-ші мектеп-гимназиясының түлегі Әсел Жаңабаева георграфия пәнінен дұрыс жауап бердім деп іштей сенімді болғанын айтады.

«Сұрақтар қиын болды. Өйткені бізге жаңа жүйе туралы екі ай ғана қалғанда түсіндіріп айтты. Дегенмен көп оқығандықтан қиындықтың бәрін жеңіп шықтым. Тек география пәнінен екі-үш сұрақтың жауабы маған дұрыс қойылмаған сияқты көрінді. Мен оған өздігімше дұрыс жауап беруге тырыстым. Өйткені мен тестілеу жауаптарын белгілегенде өзіме сенімді болдым.

Кейін тесттің қортындысы шыққанда өзімнің жауаптарыма қанағаттанбадым. Содан соң үйдегі атаммен ақылдаса келе, аппеляциялық комиссияға өтініш түсірдім. Күмәнім дұрыс болып шықты. Маған министрлік тарапынан география пәнінен тағы 2 балл қосылды. Қатты қуандым. Енді таңдаған Астанадағы Еуразия университетінің қаржыгер мамандығына түсіп, жоғары білім алсам деймін»,- дейді Әсел Жаңабаева.

Ал, Әселдің ұстаздарының төбесі көкке бір елі жетпей тұр. Себебі, үлкен жетістікке қол жеткізген оқушылар облыс бойынша ең жоғары 138 балл алды.

«Ол «Алтын белгі» алмаса да мектептің абыройын асқақтатты. Әселдің жеңісі -бұл бүкіл гимназияның жеңісі деп айтар едім», – дейді түлектің сынып жетекшісі Марина Ли.

Айта кетейік, биыл оңтүстік өңірінде өткен ҰБТ-да 10 оқушы 137 балл, 15 оқушы 136 балл алды. Ал, аппеляциялық шағым түсіргендердің мәселесі қаралып біткен. Оның қортындысы еліміздің Білім және ғылым министрлігі бекіткен соң белгілі болмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз