Атыраудың түнгі клубтарының біріндегі жігіттер төбелесі бейнекамераға түсіп қалды.
Көріністе бір ер адамға жабылған екеуі оны аяусыз ұрып-соғады, бірінің тіпті тапаншасы да бар. Ол қайта-қайта тапаншасына қолын апара береді. Егер соққыға жығылған ер адам сол арада естен танып құламаса, оны ата салуы да мүмкін еді. Ал құлағанда қорқақтап тапаншасына қол жүгіртіп жүрген еркектің батырлығы оянып, естен танған адамның бетін аяғымен бірнеше рет мыжып, таптайды. Төбелес дәретханада болғандықтан, ол араға бас сұққандар болады. Бірақ олар төбелестің қасынан түк болмағандай өтіп кетіп жатыр.
Атырау облыстық ішкі істер департаментіндегілер түнгі клубтағы жанжалдасқан адамдарды анықтағанын, екеуі де Атырау қаласының тұрғыны екенін, олардың үстінен „Бұзақылық„ фактісі бойынша сот алды тергеу ісі қозғалғанын айтты.