Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Бетіме айтшы, кәні!”.Баян Мақсатқызы өзін “қылмыскерге” теңеген ақынға жауап берді

Қоғамның, бұқараның, журналистердің таусылмайтын сауалдарынан қажыған Баян ханым кітап жазамын деп шешкен. Шыр етіп өмірге келген сәтінен, бүгінгі күнге дейінгі ішкі толғанысы, мансабындағы және ғұмырындағы шиеленісті сәттері, өткен жаздың қаралы трагедиясы, аяғынан шалған жандар, жалпы тұтас тағдыры суреттелетін жеке мемуары осы болмақ.

Ғұмырнамалық кітабының құнын ол үш мың мен төрт мың теңге айналасында бағалауда. Бірден жиырма мың тиражбен шығаруға бекінген. Қаламы қарымды отандық жазушылардың өзі мұндай үлкен шығарылымнан жүрексінер еді. Баян ханым өз туындысын, оқырманның таласа сатып аларына бек сенімді.

https://kaz.365info.kz/zhanym-sol-bayannyn-syjiktisi-tyrsyngali-ozderinin-intim-suretin-internetke-zhariyalaj-saldy-foto-266858

«Кітабымның неғұрлым көбірек сатылғанын қалар едім. Себебі, сатылымнан түскен қаржы әйелдердің құқығын қорғайтын орталықты құруға жұмсалады. Бұл да кітап жазуыма түрткі болған себептердің бірі», – дейді Баян Мақсатқызы.

«Автобиографиям елге таралмай жатып-ақ қысастық көрсеткендердің талауына түстім» – дейді, ол. Баян ханымның жазушылығын белгілі қаламгерлер Аманхан Әлімұлы сынға алса, әріптесі Мырзан Кенжебай — бұл кітапты «жазу мен насихаттауды қылмысқа» балапты.

https://kaz.365info.kz/nege-otirik-ajtasyn-bakhytbektin-kharyndasy-bayanga-khatysty-malimdeme-zhasady-266522

«Пиар компания үшін оларға алғыс білдіремін! Ер азаматтармен тайталасқым келмейді! Себебі, олар азаматтар! Менің кітабым — «қылмыс» деген пікірлері болса, бетіме келіп айтып, дәлелдесін. Әйел адамды ренжіту нағыз ер азаматқа тән емес», – дейді Есентаева.

Дереккөз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз