Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Бес баланың қаза табуына байланысты Астана әкімі шұғыл жиын өткізді

113

— Осы жағдайға душар болған отбасына қайғыра көңіл айтамын. Қала басшылығы оқиға орнында болды, қаза тапқан балалардың ата-анасымен психологтар және әлеуметтік қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккен отбасына қалалық әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан материалдық көмек көрсетіледі. Сарыарқа ауданы әкіміне жерлеу рәсімін ұйымдастыруды және отбасына уақытша баспана беруді, жанған үйді тез арада қалпына келтіру үшін қаражат бөлуді тапсырамын, – деді қала басшысы шұғыл жиында.

Бақыт Сұлтанов аудан әкімдері мен төтенше жағдайлар департаменті және полицияға бірлесіп дереу жеке сектордағы әр үйге барып өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тұрғысында тексеріс, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап етті.

— Бұл сіздердің тікелей жұмыстарыңыз, мен әрқашан айтып отырмауым керек! Баяғыда жүргізу керек еді, бұл ТЖД-нің қателігі. Сіздер жеке секторда тұратын әр адамды жекелей тануларыңыз керек, – деді әкім.

Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапты. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. От сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген бес баланың мәйіті табылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз