Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Берлиндегі қазақ жастары: «100 жаңа» есім жобасы таланттардың жолын ашады

Шараның шымылдығын түрген елшіліктің кеңесші-уәкілі Денис Рогов қоғамдық сананы жаңғыртудың мақсатын түсіндірді.

Өз кезегінде магистранттар мен докторанттар Елбасы мақаласында көрсетілген маңызды міндеттерді бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.

Олардың ойынша, «Қазақстанның киелі жерлерінің картасы», «100 жаңа есім» және «Туған жер» бағдарламалары мәдениетіміз бен салт-дәстүріміздің бірегейлігін сақтамақ. Сондай-ақ қатысушылар қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшудегі маңыздылығын да атап өтті.

Студенттерді әсіресе «100 жаңа есім» жобасы ерекше қызықты. Олардың айтуынша, аталған жоба талай дарынды деген азаматтардың жолын ашуы тиіс және осы арқылы еліміздің бәсекеге қабілетті болуына септесетін болады.

Қазіргі күні Германияда білім алатын Бижас Ысқақовтың пікірінше «100 жаңа есім» жобасы еліміздің саяси-мәдени, әлеуметтік-экономикалық сахнасына жаңа тұлғаларды шығаруы тиіс.

«Елбасымыз өзінің жыл сайынғы Жолдауында адам капиталына ерекше маңыз беретінін білесіздер. Бұл тегін емес. Мемлекет өркендеуінің кілті адам капиталында жатыр. Адамға қаншалықты көңіл бөлсе, мемлекет те соншалықты дами түспек. Меніңше «100 жаңа есім» жобасы осыған дейін тарих, мәдениет, руханият және экономика саласында елдің дамуына үлес қосып келе жатқан талай дарынды да талантты тұлғаларды елге танытуы тиіс», – дейді ол.

Ал Берлинде білім алатын тағы бір жерлесіміз Айдана Қатарбайқызының пікірінше Елбасы мақаласында көрсетілген міндеттер мен мақсаттар бір-бірімен тығыз байланысты.

Айталық, мен қазақ алфавиті латын қарпіне ауысуын қолдаймын. Неге десеңіз, бұның өзінің көптеген жақсы жақтары бар. Мысалы, ең бірінші айтатын болсақ, бұл информатика саласына өте қолайлы. Неге десеңіз? Көп информатикадағы бағдармалар кириллицаны қолдамайды. Және де ең бастысы бұл біздің бірінші сыныпқа барып жатқан біздің балаларымызға ағылшын тілін оқыған кезде өте оңай болады деп ойлаймын, – дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз