Алматыда екі жасар баланы асырап алу мәселесі бойынша сот отырысы өз мәресіне жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Гүлжан Қилыбаева ұлының биологиялық анасымен екі жыл бойы соттасып, ақырында Алматы қалалық ювеналды соты шешімді Гүлжанның пайдасына шешті. Сот шешімі бес күннен кейін өз күшіне енеді. Сот процесінің заң аясынан шықпауын ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми мен Алматы қалалық прокуратурасы тікелей бақылаған болатын.
Еске салсақ, Гүлжан Қилыбаеваны қамқоршылықтан шектеу туралы істі қарау 2017 жылдың ақпан айында басталған еді. Ал ақпан айының соңында Аружан Саин ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмиге ашық үндеу тастады. Ол өз үндеуінде Гүлжан Қилыбаеваның отбасын баланы асырап алу тәрбиелеу құқығынан айырмауға өтініш жасаған.
2016 жылы Қилыбаева балалар үйінен бала асырап алған. Баласын тастап кеткен биологиялық анасы жарты жыл өткен соң баланы қайтадан өзіне қайтарғысы келеді. Дау осыдан соң туындаған болатын. Тіпті сот үш мәрте баланы одан бас тартқан анаға қайтарып та берген.