Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Берген қайырың далаға кетті …

 

Сөйтсем сол кемпірім, протез тісін киіп алған, ерінді бояп, жаман киімін қоларбадағы сөмкесіне салып алған-ау деймін. Тап-таза, қайқиған қалыпта ірімшік-шұжық, жеміс салынған пакетін жерге қойып есігін ашып жатыр. Аузы да жіберіп жатыр. Құрбым түсіне қойды ғой деймін. “Апамды жұмыс үстінен көргенсіңдер-ау деймін. Олар сондай, мына жақтағы орыс апаң да, арғысы да солай істейді. Қаланың ортасында бір үйін, мына айналдыра жалға беретін пәтерлері бар. Жұма, сенбі, жексенбі барып қайыр сұрайды. Дүйсенбі – моншаға барады. Сейсенбі күні саяжайына кетеді” дейді. Осыларды аяп талай адам пакет-пакет азық беріп жібереді. Оларға да айтатын жалғыз баласы анда-санда қара джиппен келіп тұрады. Кешірші, берген қайырың далаға кетті сөйтіп” дейді.

 

Соңғы нанын суға езіп немересінің аузына салып, өзі аш отырып та “тәубе” дейтін біздің апаларымыз ғой” дегенде барып осы ФБ-да қайыр тілегендерге көмектесіп жатқандардың да еңбегі далаға кетпесе екен деп ойлап отырмын да.

 

Гүлбағыш Бостан

Facebook-тегі парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз