Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Бергей Рысқалиевтың меншігіндегі қонақүй мемлекетке өтпейтін болды

Бұл үш қабатты зәулім ғимаратты Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев осыдан он жыл бұрын туған қарындасы Гүлжанар Рысқалиеваға сыйға тартыпты. Ғимарат қонақ үйге арнап салынған екен.

Алайда 2013 жылы мемлекеттің 71 миллиард теңгесін ұрлады деп басы дауда қалған экс-әкімнің және туғандарының барлық мүліктері бұғатталған болатын. Бұл ғимарат та солардың ішінде болып шықты.  Ал қонақ үйдің бос тұрғанын қалалық әкімдік жанындағы комиссия арнайы тексеру барысында анықтапты.

“Заң талаптарына сәйкес қалалық әділет басқармасына аталған ғимаратты иесіз мүлік ретінде есепке қою бойынша шағым берілді. Содан кейін бір жыл өткен соң қалалық сотқа тиісті арыз түсіріліп, сотта қаралды бұл мәселе”, – дейді Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің басшысы Серік Нәби.

Кейін қараусыз тұрғандықтан жергілікті әкімдіктегілер ғимаратты мемлекет меншігіне беруді сұрап, сотқа шағымданады. Алайда, судья шенділердің шағымын қанағаттандырмады. Өйткені, қонақ үй Гүлжанар Рысқалиеваның жеке мүлкі, иелік ету мерзіміне мүлде шектеу қойылмаған болып шықты.

“2017 жылдың 10 қазанындағы соттың шешімімен Ақтөбе қаласы қаржы бөлімінің Ақтөбе қаласы 12 мөлтек ауданында орналасқан ғимаратты иесіз мүлік деп тану және коммуналдық меншікке өткізу туралы талабы қанағаттандырусыз қалдырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ”, – дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметкері Анар Айтжанова.

Әкімдіктегілер көз тіккен зәулім қонақ үйдің иесі Гүлжанар Рысқалиева қазір ағаларымен бірге халықаралық іздеуде жүр. Ал бос тұрған ғимаратты мемлекет меншігіне өтсін деген талаптары орындалмаған әкімдіктегілер істі аяқсыз қалдырмайтын сияқты. Айтуларынша, қазір құжаттарды заңгерлер қайта қарап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз