Инвестиция және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердіоңғаров Facebook желісінде Астанадағы теміржол вокзалында қозғалысты тоқтатып тастаған автожүргізуші түсірілген видеоны жариялапты.
Жас жүргізуші автомобилін көліктер өте алатын жалғыз жолда қалдырып кеткен.
“Ер адам көлігін тастай салып, біреуді қарсы алуға жүгіріп кетті. Оның артында 20 шақты көлік тұрып қалған шығар. Бұл нағыз эгоизм”, – дейді ролик авторы.
Келесі күні министрдің кеңесшісі жүргізушінің өзінің жеке парақшасына шығып, видеоны өшіруді талап еткенін айтты.
“Өз кезегімде мен оны жол қозғалысы ережесін бұзбауды өтініп, кешірім сұрау керек екенін айттым. Бірақ ол бұған қарсы болды”, – деді экс-депутат.
Осыған байланысты Берідоңғаров Желі қолданушыларына шымкенттіктер туралы стереотиппен ойламауды сұрады.
“Иә, жігіт Шымкенттен, бірақ тәрбие көрмеген адамдар әр өңірде де бар. Қоғамның міндеті – жастардың әдебіне бей-жай қарамау. Осылай ғана. Бұл біздің Отан, осында өмір сүреміз! Бей-жай қалмағандарыңыз үшін рақмет”, – деді ол.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz