Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Бердібек Сапарбаев қытайлық компанияларды келісімшарт міндеттерін орындауға шақырды

«Екі жыл бұрын Ақтөбе облысына калий тыңайтқышын шығаратын зауыт салу туралы келісім болған еді. Сіздер бұл жобаны 10 жылдан бері жоспарлап келесіздер. Өкінішке қарай, алға жылжу жоқ. Өткен жылдан бері тиісті министрліктермен кен орындарын игерушілердің келісімшартты орындауын тексеріп, бақылап отырмыз. Келісімшартты орындамаған кен орнын игерушілерге қатаң шара қолданылады, тіпті келісімшарт бұзылады. Сондықтан нәтиже болмаса, біз министрлікке келісімді бұзу туралы ұсыныс айтамыз. Ресурстарды игеруге қаржысы мен технологиясы жететін басқа компанияларға басымдық береміз», — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы келісімшарт аясында KazakhstanPotashCorporation компаниясы жыл сайын әлеуметтік қажеттілік үшін бюджетке 50 мың доллар төлеуі тиіс екенін еске салды.

«Өкінішке қарай күні бүгінге дейін бір тиін аударылған жоқ. Бұл компания келісімшарт талаптарын орындамай отыр», — деп атап өтті әкім.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев зауыт құрылысы кезінде Қазақстан заңнамаларындағы экологиялық талаптарды сақтауын басты назарды ұстауды тапсырды. KazakhstanPotashCorporation қытайлық компаниясының басқарма төрағасы Чжан Цзюнь Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың сұрақтары мен ұсыныстарына жауап берді. Оның айтуынша, жобаны алдын ала бағалау және қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізуге көп уақыт жұмсалған.

«Жұмыс тоқтатылған жоқ. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай болуы үшін біз калий тұзын өндіруге мұнай секторында қолданылып жатқан заманауи технологияны пайдаланамыз. Бұл экологиялық жағынан ең тиімді тәсіл болады. Жобаның сәтті іске асатынына сенімдімін»,- деді ол.

Екі жақ калий тыңайтқышын өндіру технологиясын жан-жақты талқылады. Сонымен қатар, дайын өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселесі қозғалды. Қытайлық мамандар 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында келіп, жаңа технологияларды енгізу жолдарын талқылайды. Сонымен қатар, Ақтөбе облысының әкімдігі KazakhstanPotashCorporation компаниясына әлеуметтік жобалардың нақты тізімін жасап береді. Алдағы 10 жылда қытайлық компания Ақтөбеге 500 мың доллар салуы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз