Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бердібек Сапарбаев: «Арамызда әлі күнге дейін кеңес үкіметін аңсайтындар бар»

Бердібек Сапарбаев ұялы телефондар туралы алғаш білген кезі туралы да айтып берді.

«Бұрын шетелге шыққанда таңқалатынбыз. Әрбір көлік жүргізушісіне дейін ұялы телефон ұстап алған. Қазір бәрінің қолында мұндай телефон бар», — деп жалғастырды сөзін өңір басшысы.

Оның пайымынша, әрбір қазақстандық ең алдымен өзінің ұлтының, мемлекетінің патриоты болуы керек.

«Егер жоқ деп отыра берсең, ешкім саған әкеліп бермейді. Бүгінде «Туған елге тағзым» деген акция өткізіп келеміз. Ондағы мақсатымыз кейбір ауылда тұрып, сол жерде білім алып, тәрбие алып, соның барлығын ұмытып кеткен адамдарды қайтару, есіне салу. «Ей, ағайындар, сендер кімнің арқасында, қай жердің арқасында осындай бастық болдыңыздар, кәсіпкер болдыңыздар деп, олардың естеріне салып отыру керек», дейді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында кәсіпкерлер туған өлкелеріне мектеп, балабақша, жол, т.б. салып беріп жатыр. Сонымен бірге, материалдық тұрғыда көмек көрсетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз