Қазақстан бірінші тоқсанда шетелге бензин сатып 60 млн долларға жуық пайда тапты. Бұрын импорттауға соншалықты қаржы жұмсалатын.
Наурыз айындағы жалпы мәмілелер сомасы – $29 млн, өткен жылға қарағанда 2,1 млн-ға көп
Айдың қорытындысы бойынша, алдында ғана көбінесе импортталатын тауарлардың бірі бензин ең маңызды экспорттық позицияларға ие болды. Оны сатудан түскен табыс ұннан, арпадан, көмірден және басқа да көптеген тауарлардан асып түсті. Республикаға тек 11 тауар тобы ғана көп қаражат әкелді. Олардың көпшілігі — пайдалы қазбалар.
Қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша шетелдік бензин сатылымы 124,8 мың тоннаны, ал сатылған отынның жалпы құны 59,4 млн долларды құрады.
Қазақстандық бензиннің басты сатып алушылары Еуропа елдері болып табылады
Барлық экспорттың жартысынан астамын Нидерланды қамтамасыз етеді – 62,7 мың тонна және $ 30,1 млн. Мұнда Атырау мұнай өндіру зауытында шығарылған бензин сатылады.
Ауғанстан да салыстырмалы түрде ірі өткізу нарығы, онда 35,3 мың тонна (негізінен Шымкент өндірісі) және $15,9 млн қаржыға бензин сатылады.
Тәжікстанға $10,5 млн сомасына 21,2 мың тонна (Батыс Қазақстан облысы мен Шымкенттен) жанармай жіберіледі. Сондай-ақ отандық отынды 2020 жылы Өзбекстан, Грузия және Моңғолия сатып алды, сатудың жиынтық көлемі 2,9 млн долларды құрады.
Экспорттың өсуі өндірістің ұлғаюы аясында жүріп жатыр. Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-сәуірінде республикада 1 млн 463,6 мың тонна бензин өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерден 20%-ға артық. Абсолюттік мәнде айырмашылық 241,5 мың тоннаны құрады.
Дегенмен, соңғы айларда жоғары динамика байқалмайды. 2019 жылдың желтоқсанында өндірістің айлық рекорды 469,2 мың тоннаны құрады, бұл жаңа тарихи рекорд болды. Келесі төрт ай — өнлдіріс көлемі бірыңғай төмендеді. Нәтижесінде сәуір айының қорытындысы 38,3%-ға (289,4 мың тоннаға дейін) азырақ өндірілді. Жалпы соңғы айдың көрсеткіші 2019 жылдың наурызынан бері қарай тіркелген ең нашар көрсеткіш болды.
Сонымен қатар, 2019 жылдың сәуірінде бензин өндіру көлемі 305,6 мың тоннаны, бір жыл өткен соң – 289,6 мың тоннаны құрады. Жыл өткен сайын өндіріс көлемінің қысқаруы жиі болатын құбылыс емес. Соңғы үш жылда бұл тек үшінші рет болып отыр (осыған ұқсас қысқару 2017 жылдың желтоқсан айында және 2019 жылдың наурыз айында).
Отын сұранысын азайтуға бағытталған әкімшілік шаралардың арқасында Қазақстанда бензин бағасы төмендеді. Ресми мәліметтер бойынша, оның құны сәуір айында 1,3%-ға қысқарды. Бұл 2019 жылдың ақпан айында бері қарай тіркелген ең жоғары айлық төмендету көрсеткіші (-1,4%).
Сонымен қатар, сәуірде қараша айынан бастап алғаш рет бензин бағасы төмендеді. Қаңтар-наурыз айларында олар 5,5%-ға өсті.
Және бұл:
Салыстыратын болсақ сәуір айында республикада дизель отынының құны 2,3%-ға төмендеді. Бұл 2015 жылдың ақпанынан бастап ең үлкен айлық төмендеуі. Соңғы рет ДО бағасы 2020 жылғы қаңтар айында өскен еді, ресми деректер бойынша, оның құны 0,3%-ға өсті.