Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Белорусь Қытайдың Еуразиялық Одақпен шекарасындағы «филиалына» айналуда

293
Александр Лукашенко

Посткеңестік елдер үшін Пекин — Батыс пен Мәскеуге қарсы тұра алатын бірден-бір күш. Белорусь мұны бірден түсініп, қарым-қатынасын жан-жақты дамытуда. Қытайға Минск «Бір белдеу – бір жол» жобасының бір бөлігі, транзиттік ел ретінде керек. Сондықтан Белоруске несие беріліп, инвестиция құйылуда, сондай-ақ бірлескен ірі жобалар (белорустік өлшем бойынша)  жүзеге асырылып жатыр. Алайда кейбір сарапшылар Аспан асты елінің бұл жобалары мен несиелеріне қатысты “жолда батпан құйрық жатпайды” деген пікір білдірді.  Қытай ақшасына қытайдың тауарын сатып алып, кейін  несиені пайызымен қайтарамыз.  Ал кейбір жобаларда қолданылатын  жабдықтар мен жұмыс күшінің жартысы қытайлық болуы керек деген талап қойылады.

Бұл туралы аналитик Мурат Лаумулин Астана халықаралық ғылыми кешенінің ресми сайтында жарияланған «Заманауи Белорустің сыртқы саясаты мен  ішкі саяси  дамуы» деген жұмысында жазды.

Минскіге Қытай ақшасы керек

КСРО құлағаннан кейін Белорусь алыс шетелмен, соның ішінде Қытаймен байланыс орната бастады. Мұнысы біршама сәтті болды —

өзара тауар алмасу 2016 жылы $34 млн-нан $3,5 млрд-қа дейін өсті

Қытайға жіберілетін өнімге қарағанда, бұл елден келетін тауар бірнеше есе көп (11,7 % бен 88,3 %)

2018 жылдың маусымында өткен екі ел басшыларының кездесуінен кейін визасыз режім туралы келісімге,

сондай-ақ туристік, экономикалық, қаржы және кеден салаларында серіктестікті арттыру туралы құжаттарға қол қойылды

«Великий Камень» технопаркі мен тасымалдау-логистикалық жобалардан басқа, жалпы соммасы $15 млрд болатын 90 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылатыны туралы айтылды.

Кейбір сарапшылар обаларда қолданылатын «жабдықтар мен жұмыс күшінің жартысы қытайлық болуы керек деген талапқа» назар аударады.

Осы себептен өзара байланысты қытай несиелерін белсенді түрде жұмысқа тарту тәуекелді іс

Дегенмен Минскіге бұл ақша керек. Санкциялардың кесірінен Ресей мұндай үлкен көлемдегі инвестицияларды ұсына алмайды. Сондай-ақ Мәскеу мен Минскінің арақатынасы өте жақсы емес екені белгілі.

— Минск Қытаймен достық қарым қатынасын Ресейге қарсы қолдануы мүмкін,  — дейді автор.

Алайда қазіргі  қытайлық инвестициялар соншалықты көп емес. Белорус Қытайға  гоеграфиялық орналасуы жағынан ғана қызықты.

— Минск Пекинге басқа елдерден ерекше ешнәрсе ұсына алмайды , — дейді Лаумулин

Қытайдың ақшасы көп, ешқандай саяси талабы жоқ

Автордың пікірінше, тек Белоруске ғана емес, басқа да посткеңестік мемлекеттер үшін

 Ресей мен Батысқа қарсы тұра алатын күш Пекин ғана

Мәскеу бұрынғы кеңестік республикаларға өзі әлі де ықпалын жүргізе алатын саланың бірі секілді қарайды.

— Батыстың саяси талаптары көп болғанымен, айтарлықтай көп ақша салмайды. Ал Қытайдың ақшасы көп, саяси талаптары жоқ, — дейді зерттеуші.

Минск Пекинге «Бір белдеу – бір жол» жобасының бір бөлігі ретінде ғана керек. Белорусь Еуропаға барар жолда орналасқан, Украина бұл елмен қытайлық жобаға арналған транзитті ел ретінде бәсекелесе алмайды. Біріншіден, Белорусте азаматтық соғыс жоқ. Екіншіден, белорустік көлік инфрақұрылымының жағдайы Украинамен салыстырғанда әлдеқайда жақсы, тіпті мінсіз деуге де болады. Соңғы 5 жылда Белорусь территориясы арқылы өткізілетін қытай транзиті 3,5 есеге артты.

Қытай белорустерге  «ешқандай пікірталассыз және кез келген көлемде» несие береді. Бірақ бір ғана талап бар,

бұл ақшаға тек қытай жабықтары мен қытай тауарларын сатып алу керек

Яғни, ақша бірден Қытайға қайтарылады. Кейіннен бәрібір несиені пайызбен қайтарады.

— Бұның нәтижесінде Белорусь Қытайдың Еуразиялық Одақпен шекарасындағы филиалына айналып отыр,

— дейді Лаумулин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз