Алматыда тәртіп сақшылары Сүйінбай көшесіндегі Beeline орталығынан жарылғыш зат іздеп жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат.
Beeline орталығы қоршауға алынды. Ғимарат ішіндегі жүздеген адам сыртқа шығарылды.
«Жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті. Қазір бұл мәлімет тексеріліп жатыр»,- деді қалалық полициядан.