Бурятияда белгісіз біреулер мектепке балтамен баса-көктеп кіріп, бес адамды жарақаттаған, – деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның дереккөзі Улан-Удэде болған оқиғаның мән-жайын айтты. Шабуылдау кезінде қаскөйлердің бірі жарақат алып, тағы екеуі жасырынып үлгерген.
“Улан-Удэде мектепке жасалған шабуылдан бес адам зардап шекті: мұғалім, үш оқушы және шабуылдаған бір адам, екеуі қашып үлгерді”, – деді агенттік дереккөзі.
“Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр”, – деген дереккөз зардап шеккендердің жетінші сыныпта оқитынын хабарлады. Осы дерек бойынша “Адам өлтіруге оқталу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Ал шабуыл жасады деген жасөспірім ұсталған.