Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин балаларды үй жағдайында емдеудің қауіпті екенін ескертті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Балалардың жиірек таза ауада болғаны дұрыс, тыныш ұйқы керек. (…) Сондай-ақ, ата-аналарға науқас балаларды балабақша мен мектептерге жібермеуін айту керек, олар мұндай жағдайда үйде қалуы керек”, – деді Жандарбек Бекшин.
“Ата-аналардың басты қателігі – өз бетінше емдеумен айналысу екенін айтып өткім келеді. Дәрігер ғана ол тұмау ма, тұмау емес па анықтай алады. Баланы өз бетінше емдеумен айналыспау керек. Ата-аналар вирустық ауруларды антибиотиктермен емдемейтінін түсінбейді”, – деді Қазақстанның бас санитарлық дәрігері.