Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Бекшин — 63-те! Бірақ жұмыстан шығара алмайды, өйткені орнын басатын адам жоқ — Әшімбаев

194
Данияр Әшімбаев, фото Facebook-тегі жеке парқшасынан алынды

COVID-19 пандемиясы кезінде республиканың санитарлық дәрігерлері қисынсыз қаулылардың авторлары ретінде тарихта қалды. Қоғамдық көліктердің жолаушыларды тасымалдағанына және жабық базарлардың жұмыс істеп тұрғанына қарамастан фитнес-орталықтар мен тауға баруға тыйым салынды. Жаздың аптап ыстығында маска режимін бұзғаны үшін салынған көп мөлшердегі айыппұлдар және дені сау балаларды емханаларға тексеруден өтуге себепсіз шақыруы да бірқатар сұрақтар туғызды.
Бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларын қазақстандықтар үлкейткіш әйнекпен қарап, санитарлық қауіпсіздік пен шенеуніктердің шексіз жүгенсіздігі арасындағы байланысты табуға тырысты. Экономикаға өздігінше сойыл бола отырып,  санитарлық дәрігерлер қалпына келтіру үшін 1 жылдан 3 жылға дейінгі уақытты қажет ететін бизнестің бүтін бір салаларын тізе бүктірді.

Кеше Алматының бас санитарлық дәрігері 63 жасқа толды. Теория бойынша, Жандарбек Бекшин қызметінен кетуі керек. Бірақ олай болуы екіталай. Бұл туралы саясаттанушы Данияр Әшімбаев айтты.

Сізге білу міндетті емес

— Данияр, Қазақстанда зейнеткерлік жасқа жеткен әр түрлі дәрежедегі шенеуніктер көп. Бұған дейін олардың мемлекеттік қызметте қалу мерзімін Тұңғыш президент ұзартатын. Қазір қалай болып жатыр? 5 қаңтарда Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 63 жасын атап өтті.

— Шындығында, 63 жыл — мемлекеттік қызметте қалудың шекті мерзімі. Ол мерзім Президенттің Жарлығымен ұзартылуы мүмкін. Соңғы бес жылда Нұрсұлтан Әбішұлының тұсында кейбір шенеуніктерді зейнеткерлікке жіберіп, ал енді біреулерінің мерзімі ұзартылған. Жаңа президент келгелі бұл тәжірибе іс жүзінде тоқтатылды. Яғни, мерзімін ұзарту әлі де бар, себебі біз зейнеткерлік жаста жұмыс істеп жүрген шенеуніктер бар екенін көріп отырмыз.

Алик Шпекбаев, Қалмұханбет Қасымов, Бердібек Сапарбаев. Айтпақшы, Бердібек Мәшбекұлы зейнеткерлік жасқа былтыр толған болатын.

Кадрлық жасару туралы айтатын болсақ, билік жас шамасына қатысты тақырыпты қозғамауға шешім қабылдаған сияқты. Тіпті жарлық та жарияланбайды. Алайда жарлық болуы тиіс – өйткені онсыз мемлекеттік қызметте жұмысын жалғастыруға заңды негізі жоқ.

Егер Бекшинге қатысты шешім қабылданбаса да, біз ол туралы ертең біле аламыз, өйткені ол өз қызметінде қалады.

Шын мәнінде, мұндай құжаттар ғана емес, сонымен бірге еститін, бірақ көп сөйлемейтін мемлекеттің басқа да жарлықтары жарияланбайды. Белгілі бір мемлекеттік жүйелерді реформалау жөніндегі түрлі комиссиялар жұмыс істеп жатқан сияқты, бірақ олардың құрылғаны, құрамы және қызметі туралы қолжетімді құжаттар жоқ. Қабылданатын шешімдердің транспаренттілігі күрт төмендегені байқалады. Бұл биліктің барлық атқарушыларының жұмысына қатысты.

Сұраныстан ұсыныс туады

— Сондай-ақ, СЭС те пандемия кезінде ең сынға ұшыраған құрылымға айналды емес пе?

— СЭС үлкен өкілеттіктерге ие болды. Бірақ оны түсініксіз пайдалануда. Мемлекеттік басқарудың логикасы қисынсыз болды. Себебі базарға баруға болады, бірақ тауға баруға болмайды. Сондай-ақ, оған маска режимдерін, карантиндік шектеулер мен іс-әрекеттерін де қосуға болады. Біз

қара тізімде тұрған немесе қорғаушылары жоқ мекемелерді 100 рет тексергенін көрдік.

Бірақ олардың бәсекелестеріне тексерушілер ешқашан келмеген.

Сұраныстан ұсыныс туады.

Жаңа жылдық мерекелер бейресми түрде, бірақ көпшіліктің қатысуымен астыртын жағдайда өтті.

Иә, тексерулер де болды. Бірақ соңғы жылдары осындай жағдайлар барысында СЭС-тің қаншама қызметкерін сыбайлас жемқорлығы үшін жазаға тартқанын ескерсек, таңданудың қажеті жоқ.

Моральдық және адамгершілік тұрғысынан санитарлық қызмет қызметкерлері жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істейді деп айтпас едім. Айтпақшы, бұл барлық мемлекеттік органдарға қатысты. Егер қандай да бір мәселені шешу қажет болса, бірақ оны заңды түрде жасау мүмкін болмаса, қажетті рұқсат беретін шенеунікті табу аса қиынға соқпайды. Бұл миллиардтық тендерлерге де, бетперде киюді тексеруге де қатысты.

СЭС елдегі қайта құрылған құрылымдардың біріне айналғанын ескерсек, оның жұмысында Мемлекет басшысы жиі айтатын институционалдық жады жоқ.

Қандай да бір шешімдердің сабақтастығы, бұрын істеп кеткен мамандардан қалған тәжірибелер жоқтың қасы. Қызметті бір мемлекеттік органнан екіншісіне беру кезінде оның мәртебесі құбылмалы болды. Бұл кадрлар құрамына, құқықтық және нормативтік қамтамасыз етуге әсер етпей қоймады. Қызметкерлерді кәсіби түрде даярлау да қиындық туғызды. Сол себепті санитарлық дәрігерлер жүйесі еліміздегі басқа да нашар жұмыс істейтін сыбайлас жүйелерінен еш айырмашылығы болмай қалды.

Былық жүйесіндегі бұранда

— Егер Бекшинді зейнетке шығаратын болса, Жарлық оның туған күніне дейін немесе дәл сол күні жарияланар ма еді??

– Тұңғыш Президент кезінде қалыптасқан тәжірибе бойынша шешім туған күнінде қабылданатын. Туған күніне дейін қабылданған жағдай өте сирек. Бірақ мұндай шешімдер президенттік номенклатураның шенеуніктеріне қатысты қабылданатын. Бекшин оған кірмейді, ол үкімет қарамағындағы шенеунік, яғни мәртебесі төмен.

Алматының санитарлық дәрігерін зейнетке жіберу мәселесі қиындыққа тірелді – оның орнына кімді қояды?

Қала Жандарбек Мұхтарұлын келеке етіп, енді міне соңғы жылы ашуға булықты. Алайда, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтегі тәжірибесі бойынша, ол кәсіби маман болып саналатын санаулылардың бірі. Алдыңғы бас санитарлық дәрігердің айналасында болған дауды еске түсірейікші. Аймақтардағы санитарлық дәрігерлердің қалай ауысқанын да көрдік, мұның бәрі көп нәрсені білдіреді.

— Негізінен, зейнетке шығару туралы жарлықты президент емес, Үкімет қабылдауы керек, солай ма?

— Негізінен, шекті жас шамасы жарлықпен анықталады. Бірақ ол туралы қандай да бір жарлықты көреміз деп айта алмаймын. Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы ауысқаннан кейін санэпидқадағалау басшылығы да ауысты. Бірақ олардың жұмысына айтылған сын Бекшиннің жұмысынан кем емес.

Әрине, ол өзінің айналасында белгілі бір хаос тудырады. Бірақ қаланың санитарлық қызметіндегі хаос оның алдында да болған, одан кейін де болады.

Вакцинацияға қатысты сұрақтар жауапсыз қалғанын ұмытпау керек. Жалпы медицина қызметкерлерінің біліктілігінің төмендігі де өте күрделі мәселе. Медицинаны коммерцияландыру туралы мемлекет аса ұнатпайтын мәселе бар. Бұл тұрғыда Бекшин – басты мәселе емес. Ол денсаулық сақтаудағы жалпы былықтың бір бөлігі.

Сіздің денсаулығыңыз – сіздің мәселеңіз

— Демек, ол “Егер хаосты жеңе алмасаңыз, оны басқарыңыз” деген қағида бойынша әрекет ете ме?

— 90-шы жылдары Қазақстанда ұйымдасқан қылмыс өршіді — киллерлер, рэкет, есірткі сатушылар. Содан кейін жаппай қылмыс туралы мүлде айтылмай кетті. Сол қылмыстар бойынша құқық қорғау жүйесінің қызметкерлері де тартыла бастады. Яғни, құқық қорғау органдары бәсекелестік күресте қылмысты жеңді. Бұл медицинаға да қатысты.

Мемлекет халықты өз денсаулығын күтуді басты мәселесіне айналдыруға итермелеуде

Адамдар мамандарды, дәрі-дәрмектерді өздері іздейді, өздерін маскалармен және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Ешкім мемлекеттен айрықша көмек күтпейді. Коронавируспен күресуге жан-жаққа бөлінген көптеген мемлекеттік миллиардтар қайда бөлінгені белгісіз. Барлығы өте ризашылықпен күлімдеп жүр. Менде жаман жаңалық бар – бізде басқа мемлекет жоқ. Және қандай да бір ілгерілеу болары екіталай.

Біз реформалар туралы айтамыз. Бірақ байқаймын, соңғы жылдары бақылауды күшейту, жоспарлау сапасын жақсарту, белгілі бір бағдарламаларға қоғамдық-сараптамалық қолдау білдіру туралы ешкім айтқысы келмейді. Ал, сонда қандай өзгерістерді күтпекпіз?

Мемлекет санитарлық нормаларды қатаңдататыны анық, бірақ кейбір нәрселерді заңдастырады. Кинотеатрлар, түнгі клубтар, мейрамханалар жұмыс істеп жатыр. Ең бастысы – нормаларды сақтау немесе оларды сақтау туралы тым болмағанда ресми түрде, қағаз жүзінде келісімдер жасау. Бізде әдетте, нормалардың қатаңдығы олардың орындалуының міндетті еместігімен теңестіріледі.

Барлығына арналған ойын

— Алматылық барахолка ТЖ режимі кезінде ғана жұмыс істемегенін ескерсек, санэпидқызметіне қатысты сұрақтар көп.

— Кез келген салада болады. Қағазда басқа, ал іс жүзінде мүлде басқа. Басқаша болуы екіталай.

Мемлекет “коронавируспен күрес” атты ойын ойнауда, ал халық оған қатысуға мәжбүр

Біреулер бұдан өзі үшін артықшылық табады, енді біреулері зардап шегеді. Бұл атаулы әлеуметтік көмекпен болған жағдай сияқты. Жақсы төлемдер жасалатынын туралы жарияланғаннан кейін бірден құжаттарды қолдан жасау, жасанды ажырасулар және материалдық жағдайын әдейі нашарлату басталды. Іс жүзінде теріс пайдалану екі жақтан да орын алды. Бұған халық та, мемлекет те белсенді қатысты.

Денсаулығын жеке бақылау бойынша мобильді қосымша енгізілді – медициналық қосып тіркеу фактілері орын алды. Сондықтан Денсаулық сақтау жүйесіндегі елдегі жағдайды жөнсіздікке дейін жеткізуге барлығы көмектесті – мемлекет те, медициналық корпус та, пациенттер де.

Барлығы әділдік туралы айтады, бірақ бәрі оны өзіне ыңғайлы түрде түсіндіреді. Кез келген сот шешімі тек жеңімпаз тарап үшін ғана әділ болады. Сайлау тек “біздікі” жеңсе ғана әділ өтті дейміз. Біздің елімізде “әділдік” термині жай ғана күлкілі әңгімеге айналды. Жаңа нәрсе туралы барлық уәделерді үлкен күмәнмен қабылдау керек. Сол сияқты, Бекшиннің зейнетке шығатыны және оның орнына басқа біреудің келетіні туралы да.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз