Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бекер мақтаппыз! Головкиннің жанкүйері Қазақстан емес, КСРО-ның патриоты екен

101

Нөміріне GGG дегенді жапсырып алған көлік иесі Қазақстан азаматына ұқсамайды. Жоқ, рас. Түріне қарап бөле-жарғымыз жоқ. Әрекетін, пиғылын айтамыз. Даңқты жерлесімізді емес, Ресейді, КСРО-ны көрсеткісі келген сияқты мынау.

Айыптамайық. Айтайық. Дәлелдейік. Суретін салдық. Көріңіз. Не ұқтыңыз? Не түсіндіңіз?

Темір тұлпарының қапталына Қызыл империяның гербі саналған балға мен орақты жапсырып алыпты. Артында “На Берлин” деп қойған.

Қайдағы Берлин? Соғыстың аяқталғаны бір ғасырға жақындады емес пе? Неміс орыстан әлдеқашан озған. Ой-санасы, технологиясымен. Олар өздерінің жеңілісін ұмытты. Өмір сүру керектігін ұқты. Ешкімге өшіккен де, өш алуға да тырыспады. Ал Ресей ше? 

36e7c3373be27e0d027b778e39c74d8e

 Одан қалды Георгий лентасы да көзге күйік болып тұр. GGG деген нөмірдің қос қапталына тағып қойыпты. Әне-әне тұр. Суретті қараңызшы.  5576cf7067727b414709c4335e70403e

Одан қалды Головкиннің жанкүйері деген жігіттің үстіне киген жейдесін қараңыз? “СССР” дейді. Иә, “СССР” дейді. Өлген, өшкен, ұмытылған империяны қайта “тірілткен” түрі екен. Солай. 

“Дәл осылай Нью-Йоркті аралап жүрсем мықты боп көрінем” деп ойласа керек. Қызық, ә? Түсінігі осыған жеткен. 

Бәрінен бұрын Генаға обал. Головкиннің бұл арада түк қатысы жоқ қой, өйткені  

Әлгі азамат GGG-ді емес, жұртта қалған жалмауыз империяны жарнамалап жүр, сайып келгенде. Сөзбұйдаламай солай айтайық.

Әлі ұққан жоқ. Осылай жасайтындар әлі ұққан жоқ. Қазақстан егемен ел екенін. Сәбет үкіметінің қайтып келмесін. Олар қалай да болса Қазақстанды Ресеймен, өткен-кеткенмен байланыстырғысы келеді. Біз бұған “жоқ” дейміз. “Армандама ақтоқты” деуші еді…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз