Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Бекболаттың арқасы екен!”. Жаңа оқу жылында қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?

222

“Тағы бір мәселе оқулықтың әрқайсысының салмағы оқулықпен парапар жұмыс дәптерлері бар. Яғни,

5 сабақтан да оқулық апаратын күндері балалардың арқалайтын сөмкесінің салмағы 7-8 кг-ға жетіп жығылады.

Ал Назарбаев зияткерлік мектептерінде балалар таңертең келіп, кешке бір-ақ қайтып, үй тапсырмасын да мектепте орындайтын жүйе негізінде білім алатынын бәріміз де білеміз.

Күнде өз жасынан ауыр салмақты арқалаған баланың омыртқасы қисайып, белі бүгілмесіне, денсаулығына зияны тимесіне кім кепіл?

Ата-аналар қауымы атынан келесі оқу жылында кітап-дәптерлер салмағының жеңіл болуы да басты назарда болса деген ұсыныс білдіреміз”, – дейді ол.

Дұрыс айтады. Бесіктен белі шықпаған балаға ауыр көтертуге бола ма? 

https://kaz.365info.kz/bekbolat-a-a-biz-mal-emespiz-bloger-deputat-a-datyn-ajtty-240625

Біз қайда, олар қайда? 

Ата-ананың мына бір ұсынысы да көңілге қонымды екен. 

“Жаратылыстану, Өзін-өзі тану, Дүниетану деген үштану бір-біріне өте жақын, ұқсас пәндер. Осындай қайталама пәндерді қайта қарап, біріктіру жағы да қолға алынуы керек-ақ”,

– дейді ол.

Сосын қарапайым мектептерді  Назарбаев зияткерлік мектептерімен салыстырған қисынсыз. 

Айтуынша, Назарбаев зияткерлік мектептерінде барлық жағдай жасалған, бұл жақтың ата-аналары балаларын түрлі курстарға апарып, дайындықтан өткізген. Қарапайым халықтың балабақшаға кезегі жетпей бірден мектепке келетін балаларымен оларды салыстыруға да келмейді. Зияткерлік мектептерінің техникалық жабдықталуы да, мұғалімдердің де кәсіптік деңгейі жоғары. 

Бастауыш мектептің негізгі міндеті не?

Бастауыш мектептің негізгі міндеті балаға әріп танытып, естігенін жазып, көргенін оқып, өз ойын жеткізуді, математикалық 4 амалдың негізін қалап, қоршаған табиғат туралы түсінік беру болып қалыптасып келді.

Жаңа бағдарламада да бұл мәселелер басты назарға алынған, өзгерістер енген. ХХІ ғасырда өткен ғасырдың кейбір заман көшіне іліне алмайтын тұстарын білім саласынан да алып тастау дұрыс шығар. Дегенмен, өзгертуге болмайтын, ерекше құнды түсініктер де бар. Соның бірі – әліппе.

Реформа екен деп бір ғасырдан астам уақыт ұлттық құндылығымызға айналған «Әліппеден» жаңашылдық, заман талабы деген желеулермен бас тарту Білім және Ғылым министрлігі тарапынан үлкен қателік болды.

Бірінші сынып аяқталар кезде «Әліппемен қоштасу» деген тамаша бір дәстүр болатын. Бұл барлық әріпті таныдым, оқи аламын, жаза аламын деп, бала бойына сенімділік беріп, күш қосатын мотивация еді.

«Әліппе – білім бастауы» деп жырланып, ерекше жылы, бала қабылдауына жеңіл оқулықтың атын да, ішкі мазмұнын да қайтару туралы жыл бойы ұсыныс тоқтамады. Бұл ретте наурыз айының басында осыған қатысты депутат Бекболат Тілеуханның өткір сауалы мен талаптарын ерекше атап өтуге болады.

https://kaz.365info.kz/bayandy-khyrtyndar-bekbolat-tileuhan-ybt-syragyn-tyzetpej-tynbajtyn-siyakhty-259028

Нәтижеде талай буынды тәрбиелеген әліппе келесі жылы толықтырылып, қайтадан оқу бағдарламасына енбек. Мектепке дейінгі даярлық оқушылары «Әліппені» оқымақ, ал бірінші сыныптардың оқулығы «Сауат ашудың» орнына, «Ана тілі» болып өзгеретін болды.

  Бірақ айтпағымыз, «Әліппенің» сапасын арттыруға, материалдарды баланың ұғымына сай, мәнді етіп берілмесе, бәрі бекер.

1-ші сынып оқушыларына күнделікті жаттау берілетіні бәрімізге аян. Бала кейде жаттаудан мезі де болып кетеді. Оның үстіне биылғы оқулыққа енген өлең-жыр шумақтардың көпшілігі сын көтермейді. Мәтіндерде де аяқталған бір ойды білдіріп, таным-түсінікке жетелеу жағы кемшін. Түсінікке ауыр, аяқталмаған, шорт үзілген ой, ұйқасы да келіспеген жаттау тапсырмаларынан балалар әбден ығыр болды.

Әліпби деген не? 

Биылғы жылғы 1-ші сыныпқа арналған «Сауат ашу» оқулығының екінші кітабының 36-шы бетінде «Әліпбидегі әріптерді дұрыс оқы» деген тапсырма беріліп, әліпбиді кішкене бір кесте түрінде берген. Осымен тәмам. 1-ші сыныпқа арналған әліпбиге қатысты барлық ұғым-түсінік осы кесте ғана. Жыл бойына әріптерді ту-талақай ретсіз, дыбыстық қайталаусыз өткен, әріп қатары деген түсінік  қалыптаспаған балаға әліпби қатарын жаттау қиынға соқты.

Ағылшын тілінде әліпби жаттатуда түрлі амал қолданатынын білеміз. «АВС» аталатын қаншама нұсқасы бар әліпби әні үлкен  құндылық саналады. Аптасына 5 күн оқитын «Сауат ашудан» ана тілінің әліпбиін үйренбеген балаларымыз аптасына 2 күн болатын ағылшын тілінің әліпбиін түрлі нұсқада әндетіп, жатқа айтатынынан-ақ бұл тәсілдің тиімділігін бағамдауға болады.

Әдемі ән арқылы әліпбиді бала санасына әбден орнықтыру тәсілін ағылшын тілінің қажеттілігі, әр дыбыстың айтылымы яғни, спеллинг барысында, әріптердің топтасуы мүлде басқа дыбыс боп оқылатын жағдайларда ғана маңызды деп қана қол сілтей салуға болмайды. Бұдан үйренетін нәрсе көп.

Рас, бізде де әліпбиді әнге қосып айтқан жобалар, бейнероликтер жасалды. Бірақ жалпыланбаған, қызу қолданысқа енбеген күйі қалып қойды. Аз уақытта таңбаларды қосақтайтын латын жазуына көшсек, әліпбиді жатқа білу – басты талап болмақ. Одан бөлек, біз әліпби әлемінде өмір сүреміз. Әліпби – халықаралық жағдайда түрлі мемлекеттердің, ұлттардың мәдени қарым-қатынасын жүзеге асыратын құрал.

Кітапханаға бара қалсаңыз қажет әдебиеттер тізімі әліпби қатарымен реттеліп, жиналады. Бұл келушілер мен кітапхана қызметкерлері үшін де өте ыңғайлы. Әліпби тізбегімен медициналық карталар жинақталады. Науқастың ауру тарихы жайлы хабар оның фамилиясының алғашқы әрпі бойынша тізімге ілінеді. Телефон кітапшалары, күнделік, қала, аймақ аттары түгелдей әліппе тізбегіне бағынады. Тіпті, ұялы телефонымыздағы контактілерге дейін әліппе қатарымен тізіледі.

Әлемнің барлық елінде, сондай-ақ өзіміздің мемлекеттік мекемелерге тиісті базалардағы ақпарат осы заңдылық негізінде сақталады, анықталады.

Әріпті әліпби қатарымен танымаған,санасына сіңбеген балаға мұның бәрі қиындық туғызбай ма?

Осындай маңызды, өмірлік қажетті  жүйені балалардың танымынан алып тастау үлкен қиянат болды. Әліппесіз сауат ашқан науқанға тура кеп қалғанымызға  қынжылдық. Дегенмен, бұл сынақ-тәжірибе биылғы оқу жылымен шектеледі деп сенеміз, – деп түйіндепті сөзін ұрпағының біліміне алаңдаған ата-ана.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз