Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-10
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Бекболат Тілеухан “латынға көшуге асықпайық” дегендердің аузына құм құйды

122

Осындай пікірдегілердің аузына құм құйғанның бірі – Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан болды.

– Шынында да дайындалдық, осы нәрсенің түбі болатыны әркімге белгілі болды.

Біз өзімізді дайындаған жоқпыз, уақыт дайындады.

Қалта телефонымызға келген СМС орысша хабарлар латиницамен келіп, бізді ақырындап осылай дайындады.

Осы күні соткасынан айырылған адам,

соскасынан айрылған баладан бетер.

Мына заманда шынында да ағылып жатқан ақпараттың барлығы латиница, өйткені әдеп солай ыңғайланып жатқан кезде туады. Осы уақыттан, қазірден ерте бастасаң ерте болып кетер еді, енді кешіксек, кеш болуы әбден ықтимал.

https://kaz.365info.kz/menen-syramaj-ma-olzhas-sylejmenov-ajdy-aspannan-bir-akh-shygardy-260165

Кеше қысынан айырылған түріктің реформасы бар, өз елінде өгей шыққан өзбектің реформасынан алатын үлгіміз бар, әңгімесі бұзылып қалған әзірбайжанның, түңлігі түріліп қалған түркіменнің жағдайы біздің де басымызда бар. Ол қателікті жібермеуге бізде толық мүмкіндік бар деп ойлаймыз.

Әліппе ауыстыру астана ауыстырғаннан қиын емес, әліппе ауыстыру жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға кілт бұрылғаннан да қиын деп, ойламаймын.

1929 жылы біздің қазақ арабикадан латынға бар болғаны екі-ақ жылдың ішінде ауысқан. Қазір компьютердің заманы. Содан қиын емес.

Ең бастысы, ниет керек”,

– деді депутат.

Айта кетелік, латын қарпіне көшуде асығыстық танытпауды ұсынушылар ішінде Олжас Сүлейменов те бар.

Дерек көз: Tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз