Дипломаттар Ливан аумағындағы ҚР азаматтарының жағдайы туралы ақпаратты тексеруде.
Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша, 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де Бейрутта теңіз портының базасында бірнеше қуатты жарылыс болды. Жақын маңдағы үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттардың әйнегі сынған.
Дипмиссия қызметкерлері бұл уақытта жұмыс күні аяқталып, кеңседен кеттіп үлгерген. Жұмыста болған консул жарылыс толқынының әсерінен жеңіл жарақат алды.
«Біздің дипломаттар жергілікті билік органдарымен жедел байланыста, Ливан аумағындағы ҚР азаматтарының жағдайы туралы ақпарат тексерілуде», — деп хабарлады ҚР СІМ.