Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Бейбіт шерулер 4 қаңтарда аяқталды — Әшімбаев

“Халықаралық қоғамдастық” содырларды “бейбіт наразылық білдірушілер” деуден қайтпауда, олармен “диалог жүргізу” керек деп санайды. Сондай-ақ, ол Тоқаевтың ҰҚШҰ-дан көмек сұрағанына наразы.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев соңғы жағдайға байланысты өз бақылауларымен бөлісті. Оның пікірінше, 2-4 қаңтар аралығында бейбіт наразылықтар болды. Сонымен қатар, нақты әлеуметтік осал топтардан немесе билікке наразы азаматтардан өзге, шеруге кәсіби арандатушылар мен популистер де қатысты.

Бейбіт митинг қашан аяқталды?

— Бірақ 4 қаңтардан бастап Алматыдағы және басқа да бірқатар өңірлердегі оқиғаларда басты рөлді алдын ала дайындалған шабуылшылар атқара бастады, олар ешқандай ұрансыз күштік қарсыласуға аттанды.

Олар “саяси диалог” туралы мәселе көтермеді, бірақ әкімшілік ғимараттарды, телеарналардың редакцияларын, құқық қорғау органдарын басып алып, оларды тез арада қаруландырды (өз арсеналдарынан да, басып алынған арсеналдардан да). Бұл процесс күшті ақпараттық қолдаумен, соның ішінде жалған ақпарат пен арандатумен қатар жүрді

“Наразылықтың” “әлеуметтік базасының” кеңеюіне маргиналданған жастарды тонау мен бүлікке тартқан демонстрациялық тонау ықпал етті. Полиция мен Ұлттық гвардия қарсылық көрсете алмады, бұл әкімдіктің, Президенттің резиденциясының басып алынуына және қаланың қорғансыз екендігінің қайғылы фактісіне әкелді. Көріп отырғанымыздай, ҰҚК мен Қорғаныс министрлігі террористерге қарсы тұруға аса құлшыныс танытпады. Олар көмектескеніне сенімді емеспін. Кәсіби деградацияға байланысты олар ештеңе істей алмайтын еді”, — дейді саясаттанушы.

Артында кім тұр?

Әшімбаевтың айтуынша, бір сәтте бірқатар ірі қалаларда діни экстремистермен (соның ішінде билік басында және шетелде), криминалмен және қауіпсіздік қызметкерлерінің бір бөлігімен тығыз байланыстағы содырлардың билікті басып алу қаупі туындады. Осы жағдайда Тоқаев бірден-бір дұрыс шешім қабылдады — ҰҚШҰ-дан, ең алдымен Ресейден көмек сұрау, олар көмекті дереу көрсетті.

— “Бүлікші халықпен” “диалог” жүргізу керектігі туралы ертегілерді либералдарға қалдырайық.

Тәртіпсіздіктердің артында өзіміздің және шетелдік сақалды және мұртты адамдар тұрды. Оларды “ұжымдық Батыс” қолдады, олар ашығын айтқанда, ел халқының мүдделері мен адамдардың жағдайына мән бермейді. Олардың мақсаты — Ресеймен және Қытаймен геосаяси текетірес аясында өңірді тұрақсыздандыру

Осы күндері оқиғалардың эпицентрінде бола отырып, айтқым келетіні: Президент Тоқаевтың қатаң сөздерінен кейін ғана адамдар көмек келетініне сенді. Өздеріңіз білетіндей, Ресей мен одақтас әскерлердің жедел тасымалы соғыс қимылдарының бәсеңдеуін қамтамасыз етті.

Ел Президентіне саяси батылдығы, табандылығы және жауапкершілігі үшін алғыс айтқым келеді. Ресейлік, қазақстандық және одақтық қауіпсіздік қызметкерлеріне кәсіби міндеттерін орындағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Осы қайғылы оқиғалардың құрбанына айналған бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарына көңіл айтамын. Барлық кінәлілер қатаң жазаланады, ал бандиттердің көзі жойылады деп үміттенеміз, — деп қорытындылады Данияр Әшімбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз