Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бейбіт Атамқұловтың қатысуымен қорғаныс кәсіпорындарының өзекті мәселесі талқыланды

102

Министр бірінші кезекте «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ және де «Орал «Зенит» зауыты» АҚ сынды қорғаныс саласына қатысты өнім шығаратын жергілікті кәсіпорындарға ат басын барып, олардың жұмысымен танысып шықты.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

 – Каспий айлағында жұмыс істеп жатқан мұнай компаниялары мен сервистік  кәсіпорындардағы су көліктеріне қатысты импорт алмастыруға мүмкіндік бар. Екіншіден, бұл салада біздің төтенше жағдайлар комитеті мен құтқару қызметі мен балық қорғау инспекцияларының, қала берді өзендеріміздің әлеуеті зор деп есептеймін.

Айта кетелік, қазіргі күні «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына енетін «Зенит» зауыты Қазақстан егемендік алғаннан бергі кезеңде 27 кеме-катерді құрастырып шығарған екен.

Зауыт былтырғы жылы жалпы сомасы –8,7 млрд теңгенің өнімін өндірген, бұл алдыңғы жылғы көрсеткішке қарағанда – 1,7 есеге көп. Әйткенмен бүгінгі кезде зауыт жүктемесі 25 пайызды құрайды.

Иә, «Зенит» зауыты кеме жасаумен аты шыққаны белгілі. Өз кезегінде өңірдегі – «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ – еліміз бен Орталық Азияда атыс қаруларын шығаратын бірегей кәсіпорын.

Зауыт сонымен қатар мұнайгаз саласында пайдаланылатын жабдықтар шығарумен де айналысады. Былтырғы жылы осынау кәсіпорын 6,5 млрд теңгенің өнімін шығарған екен. Қазіргі уақытта зауыттың жүктемесі 90 пайызды құрайды.

Облыс әкімдігінде өткен кеңесте облысы басшысы Алтай Көлгіновтің атап кеткеніндей, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жуырда БҚО-ға сапары кезінде өнеркәсіп кешенін дамыту мен жаңғырту бағытында бірқатар тапсырмалар берген болатын.

Бүгінгі таңда өңірдегі кәсіпорындарда 2 мыңнан астам адам еңбек етуде.

“Былтырғы жылы 20 млрд астам теңгенің өнімі өндіріліп, 3,5 млрд теңгеге жуық салық төленді. Ендігі басты міндет – қолда барды ұқыптап сақтай отырып, саланы одан әрі қарай дамыту” деді Алтай Көлгінов.

Ал Бейбіт Атамқұлов өз баяндамасында еліміздегі әскери-техникалық саладағы мемлекеттің ұстанымы, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын дамыту және қайта жаңғырту мәселелеріне баса назар аударды.

«Осы жиында бірқатар маңызды мәселелерді талқыладық. Бүгінгі кезде еліміздегі Қорғаныс өнеркәсібі кешенінің жүктемесі орта есеппен 50 пайызды, Батыс Қазақстанда 60 пайызды құрайды. Бұл жақсы көрсеткіш. Бұл 60 пайыздың ішінде мемлекеттік тапсырыс үлесі – 84 пайыз екен. Мұны да айту керекпіз.

Картинки по запросу бейбут атамкулов уральск

Алдағы уақытта тек қана мемлекеттің қолдау шараларына үміт артпай, жалпы азаматтық мақсаттағы өнімдер үлесін 30-50 пайыз деңгейінде ұстау қажет. Бұл міндет.

Биылғы жылы министрлік әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша уәкілетті органға айналды.

Осы себепті де алда тұрған өзекті міндеттерді бірлесе шешуіміз керек-ақ. Мұның ішінде өндірісті диверсификациялау, бәсекеге қабілетті және де экспортқа бағытталған өнімдер шығаруға, техникалық байланысты нығайтуға күш салуымыз қажет», – деді өз сөзінде Бейбіт Атамқұлов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз