Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бейбіт Атамқұлов: «Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені 40 кәсіпорынды қамтиды»

133

 «Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша маңызды мәліметтермен бөліскен ведомство басшысы, өз сөзінде бүгінгі таңда Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені (ҚӨК) 40 кәсіпорынды қамтитынын айтты.

Қазіргі күні осы кәсіпорындарда барлығы 9 мыңнан астам адам еңбек етуде.

Айта кетелік, осыдан екі жыл бұрын Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Қорғаныс Күштерін, басқа да әскери топтамаларын қажетті заманауи қару-жарақпен және де соңғы үлгілердегі әскери техникамен қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойылған. 

Министрлік бұл мақсатта бірқатар жобаларды қолға алған еді.

  Бейбіт Атамқұловтың атап өткеніндей соңғы жылдардың аралығында технологиялар трансферті қамтамасыз етілген бірқатар бірлескен өндірістер құрылып, жұмыс атқарып жатыр.

«Бұлардың ішінде – “Қазақстан Аселсан инжиниринг” электронды-оптикалық құралдарды шығару зауыты, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» брондалған көліктерді шығару бойынша кәсіпорын, «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» тікұшақтарға қызмет көрсету бойынша зауыты бар. Өз кезегінде «Семей инжиниринг» негізінде брондалған танк техникасын (Т-72, БМП, БТР) жөндеу, жаңғырту және техникалық сүйемелдеу бойынша кластер құрылуда», – деді бұл орайда Бейбіт Атамқұлов.

Жалпы бұл атқарылар жұмыстың басы ғана. Министр бұл ретте

Елбасы тапсырмасына сәйкес алдағы жылдары Қазақстанда 9 қорғаныс өнеркәсіп кәсіпорны техникалық жаңғыртудан өтетінін айтты.

Бұдан сырт әрбір кәсіпорын бойынша жаңғыртудың Жол картасы құрастырылатын болады. Мұндағы ең басты назар экспорттық потенциалы бар перспективті, яғни табыс түсіретін өнім түрлерін шығаруға берілмек. 

Естеріңізге сала кетелік,  былтырғы жылы министрлік іргесінен қорғаныс өнеркәсібі, ғарыш және киберқауіпсіздік салаларындағы ең үздік перспективті жобаларды қарастырып таңдайтын Ғылыми-техникалық кеңес құрылған болатын. Қазіргі күні осы кеңес аясында 5,9 млрд. теңге сомаға татитын 50 перспективті жоба іріктеліп алынған. 

«Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» ғылым дамуының басымдығы ретінде анықталды. Министрліктің күші саланы қарқынды дамыту үшін институционалдық және жүйелік жағдайларды құруға бағытталмақ.

Мұның ішінде, еліміздің қауіпсіздігі мен қорғанысы бойынша тапсырмаларды нәтижелі іске асыруға мүмкіндік беретін саланың нормативті-құқықтық базасын қалыптастыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастырудың жаңа механизмдері реттелген және отандық қорғаныс–өнеркәсіп кешенін қолдау шаралары қарастырылған “Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы” Заң жобасы ҚР Парламентіне қарауға енгізілді», – деді осы орайда Бейбіт Атамқұлов.

Ал биылғы жылдан бастап республиканың Қорғаныс министрлігінің қорғаныстық тапсырыс бюджеті ҚР ҚАӨМ-не өтпек.

Әскери сала мамандарының пікірінше бұл әлеуетті органдарды өзіне қатысы жоқ қызметтерден босатады және де еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін қарқынды дамытуды қамтамасыз етеді.

Картинки по запросу оборонно промышленный комплекс казахстана

Атамқұловтың айтуына қарағанда бұл Қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі оң өзгерістердің басы ғана.

Алдағы уақытта өндіріс арқылы және Қарулы күштерге қару-жарақ пен әскери техникалардың жоғары технологиялық түрлерін енгізу арқылы Қарулы күштердің ақпараттандырылуы, роботтандырылуы және кәсібилендірілуі жүзеге асырылады. 

 

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз