Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Базарда ес-түссіз жатқан қызды зорлаған ер адам жұртты шошытты

Facebook әлеуметтік желісінде Ош базарында түсірілді деген видеожазба таралып жатыр. Онда ер адам жол ортасында жатқан қызға сексуальдық сипатта іс-әрекет жасап жатқаны көрінеді.

Сыртқы белгілеріне қарағанда зардап шегуші ес-түссіз жатыр. Кадр сыртында бұл видеоны көлік ішінде отырып түсірген адамдардың күлкісі естіледі.

Олардың кім екені белгісіз.      

Әлеуметтік желі қолданушылары аталған деректі тергеуді талап етті. Кейбірі қыздың киіміне қарап үйсіз-күйсіз адам емес екеніне назар аударып, ер адам оны тұншықтырып тастауы мүмкін деп болжады.  

“Ленин ауданының АІІБ видеоны қашан, қайда және кім түсіргенін анықтап жатыр. Бұл өткен жылы болған оқиға деген болжам бар, алайда анық-қанығы әзірге белгісіз”, — деді Омаров.

Дереккөз: sputniknews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз