Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Базар дәретханасында дайындалған көжеден абай болыңыз

2506

Ләззат Тоқмолдаева есімді қала тұрғыны базар дәретханасында көргенін желідегі парақшасында жазды. Оның сөзінше жұрттың ақысын төлеп, ауру сатып алып жүргені анық.

«Барахолка дəретханасына кіріп, мынандай көзбояушылықтың куәсі болдым.Бір апа қолындағы үлкен қол дорбасымен кірді де, ішінен бір кішігірім дорбасын шығарып, ішіндегі піскен арпаларын бір шелекке салды.Қайтер екен деп қарап қалдым.

Əлгі шелекке дəретханадағы қол жуатын шүмектен, қолындағы ожауымен су толтыра бастады. Сонан соң əлгі шикі су құйылған сумен, арпаны арлы берлі араластырып, үстіне бөтелкелердегі айрандарын құйды. Содан соң, əлгі қол дорбасынан арнайы мұздатылған бөтелкедегі мұздарын кір қожалақ бөтелкесімен шелегіне салды да, əлгі көжесін сатуға шығып кетті.

Бұл не масқара. Біріншіден қайнатылмаған дəретхананың шикі суы, екіншіден сырты кір қожалақ бөтелкедегі мұз. Сонда бұл қандай көже. Оны адамдар қып қызыл ақшасына стақанын 100 теңгеден алып ішеді. Оның үстіне дəретхана таза жер емес.Ондағы ішек құрт таяқшалары адам ағзасына түскен соң, не болмақ?»,-дейді желі қолданушысы.

Дереккөз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз