Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Баянның әкесі: қызымды коррупционер дегендердің бәрін соттатамын!

144

Біріншіден, Өмірзақ Ақжігіт, сіз киноны көрмей тұрып қалай “кішкентай екі пост” жазасыз? Киноны көрмей пост жазып, менің мақаламның байыбына бара алмай өзіңізше білгішсисіз. Өзіңіз айтқандай, сериалдың екі-ақ сериясын көресіз де, Баянның әкесінің мақаласын быт-шыт қылмақ болып мақала жазасыз.

Өте тылсым, ”жорамал жасаушы”, таптырмас кейіпкер екенсіз. Әрине, мен үшін емес “сатира саласы” үшін. Тапсырысты да маңдай термен өтеу керек емес пе?!

… “Қойшы осы, Қазыбек Иса да шаршаған болар, мүмкін қояр” деп арқам кеңіп отыр еді. Бірақ…

Қазыбек Иса, байқасам, сөздің байыбына бара алмаған сияқтысыз. Қазақ қыздарға, жас әйелдерге бике, бикеш дейді. Яғни, бұл Анар Төлеуханқызының қандай жастағы адам екенін білмегеннен кейін айтқаным еді. “Анар бише дейін десем, жұбайыңыз – күмән, байда ғана бише болады (бәйбіше/байбише)”. “Жұбайыңыз күмән” дегенім Анар Төлеуханқызының жұбайының бар жоғын білмегендіктен еді. Сондықтан да бише дей алмадым, байда ғана бише болады (бәйбіше/байбише). Бұны үлкен мәселеге айналдырудың қажеті жоқ.

https://kaz.365info.kz/khyzyn-bar-bolgyr-bayannyn-akesi-synagan-zhurnalist-khatty-ketti-296873

Қазақ әйелін, ондаған жыл отасып, кемеліне келе бастаған кезде байбіше деп құрметпен атай бастайды. Этимологиясы “байдың бишесі” яғни, өзінің (байының, күйеуінің) бишесі (әйелі) деген ұғымда. Ал енді тағы да түсініңкіремей тұрсаңыз, әрмен қарай құнтым жоқ.

Хош. Енді өзін журналшы санайтын Өмірзақ ініміз, Мақсат ағасына ҚЫРТ атағын сыйлап, оны тұрақтандыру үшін Абай атамыздан аталы сөз келтіріп «Қатын, боран басталмай тұрып т…п алғаным ақыл болған екен» деген екен…

Журналист Өмірзақ мақаладан мына тұсты таңдапты: «Немесе мына бір тұсқа назар аударыңыз: «Құшағына өзі келіп құлаған қыздан бас тартатын қандай жігітсің?». Сериалдағы жігітке өзі асылған қыздың сөзі…» Сериалдағы жігітке өзі асылған қыздың сөзі дегенде, тағы да түсіндіруге тура келіп тұр. Сериалдағы жігітке өзі асылған қыздың сөзін “ұлттық салт-дәстүр жайлы білімі тайыз, дүбәра” (ардагер журналист апасының сценаристке берген мінездемесі) сценарист ауадан, иә, болмаса өмірзақшаласақ “ешуақытта қазақтың жанын ұғына алмайтынын” Баяннан да алған жоқ. Бұл эпостың Дәндібай Айтбаев нұсқасындағы Баянның Қозыға айтқан сөзі:

https://kaz.365info.kz/54-lyam-dy-alyp-shetelge-ketti-tanymal-zhurnalist-bayannyn-bylygyn-ashty-296576

Ұйықтап жатқан Қозының жанына келіп Баянның айтқан сөзі:

“Жалғызым, мен қасыңа келіп тұрмын,

Көңлімді шыныменен беріп тұрмын.

Жапанға жалғыз біткен сен бір шынар,

Құлын-тайдай айқаспай болдым құмар”. Бабалар сөзі. 55 том.“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” Дәндібай Айтбаев нұсқасы. 58 бет».

Осы жері түсінікті ме, Өмірзақ мырза?! Әлде тағы ежіктейін бе? Хош. Өмірзақтың өз сөзіне тағы жүгінейік. “Эпоста Баян ұйықтап жатқан Қозыға екеуінің өмірі аяқталардың алдында ғана келеді”. Осы жерде не айтайын деп тұрғаныңызды, сіз сияқты мен де түсіне алмадым. Жазғаннан кейін нақты дәлелді түрде айту қажет қой. Ол қай эпоста, кімнің вариантында, қай дереккөзде, дереккөздің қай бетінде деген сұрақтар маған да қызық болып тұр. «Қозын Эркеч» те ме, «Қозы курпес – Маян һылуда» ма, «Нарттардан» ба, «Калеваладан» ба, «Джангардан» ба, «Маадай харадан» ба, әлде «Олонхолардан» ба? Мына айтқан тізімдегілерді ысырып қойып, сіз қайдағы бір Попенченко, Черномырдиндерге сілтеме жасайсыз. Міне, деңгей – ШЫҢ, шымкетшілесек – “ЗЫҢ”.

https://kaz.365info.kz/abden-sharshattyndar-goj-bayan-esentaevanyn-akesi-bylkhan-talkhan-boldy-296528

Қазыбек Иса айтпақшы, «Сондықтан да ол «Қозы Көрпештің» барлық нұсқасын, 700 беттей томдарды оқып шықты көз майын тауысып, өзі ауырып отырса да” деуменен баға беріп, үкім шығаруға болмайды.

Тисе терекке, тимесе бұтаққа деп төпелеуді қашан қоясыңдар?

Осылай деген Мақсат Мұхитденов тағы біршама мысал келтіріп, әңгіменің бір шетін былай қайырады:

„…Менің түсінбейтінім, Баян сіздерге, әсіресе Қазыбек Исаға сонша не істеді?!

Сіздің сөзіңіз: “Белгілі журналист Гүлмәрия Барманбекованы сотпен қорқытып қояды да, өзінің жас балаша «Иса ғ.с» деп, қазақ ақынының бабасының атын келекеге айналдырып отырғаны нағыз заң алдында жауап беретін әрекет екенін жетпістен асқанша жетесіне жетпегеніне таңым бар”.

https://kaz.365info.kz/bayanmen-nege-alystyndar-zhyrsin-erman-ajdy-aspanga-bir-akh-shygardy-297015

Тағы да тыңдаңыз, ардагер журналистіңізді сотпен қорқытсам оған себебім бар, ал “Алаш” сыйлығы иегерінің бабасында шаруам жоқ. Бұл жерде астарлы ойдың мәніне бойламай отырсыз. Нақтырақ айтсам, Иса пайғамбардың 12 апостолы болған. Ал сіздің досыңыз Қазыбек Исаның да сол шамалы шоқпарын соғушылары бар болуы керек, соның ішінде сіз де жүрсіз.

Қазыбек Иса маған өкпелеудің орнына қуанбай ма, Иса пайғамбардың деңгейін теңестіргеніме.

Әңгіме кімнің жетесі жайлы? Ал Тайбурылға келсек, сіз айтқан ұғымда ол Көбіктінің көкаласы емес, Көбіктінің тарланына жете алмаған және де сіз айтқан Тайбурылдың 12 күндік кемдігі де қате болып шықты. Қашан қоямыз осы тисе терекке, тимесе бұқтаққа деп төпелей беруді?

Қашып барып Тарлан ат,

Шаһарға барып еніпті.

Жетпедім деп Тарланға,

Астындағы Бурыл ат,

Басын жерге салады.

Қырық үш күндік кемдігі ,

Бурыл атты қамады.

Құртқаның сөзі келді деп,

Батыр Қоблан санады.

Батырлар жыры. І том. Алматы 1986ж. 77 бет.

P. S. Өмірзақ: “Оның үстіне сериалды қаржыландырудан коррупция иісі мүңки бастағаны да жазылуда желілерде. Кино, да и только…” Өмірзақ, осы иісті мүңкітіп жүргендердің де істі болатынына сізді сендіргім келеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз