Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Баянның күйеуі алатын жазасын алды – психолог

Сондай-ақ, психолог продюсердің әйелдердің құқығын қорғау туралы райынан қайтуы мүмкін екенін айтып өтті.

“Менің ойымша, оның күйеуі алатын жазасын алды. (…) Оған да көптеген жағымсыз пікірлер мен қарғыстар айтылды. Сіздер ұмытпаңыздар, Баян ханымның шешімінде ананың балаға деген махаббаты да бар. Ол қыздарының әкесін кешірді. Балаларының әкесін түрмеге қамап тастау деген сөз баласына деген махаббаты жоқ екенін білдіреді. Қандай ана ондай әрекетке барады?”, – деп түсіндірді психолог.

Ал басқа психологтың айтуынша, Баян Мақсатқызының күйеуін кешіруі қазақстандық әйелдердің көңілін қалдырды. “Кейбір әйелдерге Баянның шешімі үлгі болды. Ол өзінің басынан өткен оқиға арқылы мұндай жағдаймен күресіп, үндемей отыра беруге болмайтынын көрсетті. Бірақ ол қазір сотта күйеуін кешірді. Бір жағынан бұл зорлық-зомбылықтың жалғаса беретінін көрсететін сияқты. Сотқа дейін күйеуімен күрескен әйел халыққа әділдіктің бар екенін көрсете алды. Бірақ соңында Баянның өз сөздерінен айнып, осындай шешім қабылдағаны көптің көңілін қалдырды”, – деді дағдарыс орталығының маманы.

88

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз