Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

“Баянды құртыңдар!”. Бекболат Тілеухан ҰБТ сұрағын түзетпей тынбайтын сияқты

243

Сонымен, депутат ҰБТ сұрақтарына қатысты халықтың пікірін біліп, елдің көкейіндегі дүниені министрге жеткізуді жөн көріпті.

Кличконың қажеті не? 

“Газетте бірінші наурызда жарияланған ҰБТ сұрақтары қоғамның айырықша наразылығына душар болғанына бәріміз куәміз. Тест сұрақтарында Ермек Тұрсынов, Баян Есентаева, Нұртас Адамбай сияқты шоу-бизнес, эстрада өкілдері жүр. Спортшылардан Головкин бар. Елдің пікірін әлеуметтік желілерде білуге мүмкіндік бар. Содан байқағанымыз, елдің наразылығы жойқын.

Мысалы, “не үлгісі, не өнегесі жоқ Есентаева мен Тұрсыновты ұрпаққа үлгі қылудан не ұтамыз?” дейді біреуі. Енді біреу “Фредди Роуч не қылып жүр?” деп таң қалады.

Шынында да, ол біздің рухани кодымызға, болашаққа бағдарымызға, рухани жаңғыруымызға қатысы бар тұлға ма?!

“Головкинді бәріміз жақсы көреміз, бірақ ол Олимпиада чемпионы емес” деп те жазыпты. Шишигина мен Сәпиевті депутат деп қоспай-ақ қойсын. Дима Баландин мен Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы ғой. Фредди Роуч, Гонзалес бұл жерде не істеп жүр? Кличконың қажеті не?”, — дейді Тілеухан.

“Жақсы, Шәкен Айманов пен Сұлтан Ходжиковты ұмытсын, қайтыс болды. Асанәлі Әшімов пен Жолжақсыновтар қайда? Олар, кәрі шығар, бәлки?!

Ешкі сүйретіп, елді масқаралаған Ермек Тұрсынов “Жаужүрек мың баланы” түсірген Ақан Сатаев пен “Қазақ хандығын” түсірген Рүстем Әбдірашевтан несімен озды?!

Сартай батырдан ешкі, Сәбинка келін Керей мен Жәнібектен артық болды ма?!

“Бұл жерде ана тіліне шорқақ адамдарды әдейі таңдай ма” дейді халық. Елдің көзқарасы осындай”, — деп кейіді депутат.

Өз тұлғаларымыз қайда? 

Халық қалаулысының айтуынша, классикалық негіз, академиялық нұсқа деген дүние қашанда ғылымға іргетас болған. Ал осы күні академиялық жазбаларға сүйенбей, интернеттен мағлұмат ала салатын болған.

“Жалпы, бұқараның соншалықты наразылығына себеп болған жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартыла ма? ҰБТ-дағы осындай өрескел қателіктер жіберген тестологтар шеттетіле ме? Осындай келеңсіздіктерге негізгі себеп жүйеден деп ойлаймыз.

Сондықтан, бірінші, оқу бағдарламасы, оқулықтар, ҰБТ-ның жүйесіндегі сабақтастықты қалыптастыру қажет.

Екінші, осындай аса жауапты дүние қоғамдық талқыдан өтуі керек.

Ұлттық кодымызға, рухани жаңғыруымызға қатысты тұлғалар тура осы жерде өрнек табуға тиіс”,

 — деп түйіндеді сөзін Бекболат Тілеухан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз