Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бас Прокуратура депутат Омархан Өксікбаевқа жауап берді

Шет елдермен тиімді ынтымақтастықты халықаралық ұйымдар мен конвенциялардың мүмкіндіктерін толықтай пайдалана отырып, ортақ әрі үйлестірілген күш-жігермен ғана дамытуға болатыны белгілі.

Қазақстан Республикасы – Біріккен ұлттар ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ тәрізді бірқатар ғаламдық және өңірлік халықаралық ұйымдардың қатысушысы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әртүрлі халықаралық құрылымдар шеңберінде қылмыстық-құқықтық саладағы ынтымақтастыққа және серіктестермен тікелей көпжақты сұхбатты құруға жауапты болып табылады.

Бекітілген кезекке сәйкес халықаралық ұйымның әрбір мүше елі мерзіміне сай өз аумағында іс-шараны өткізуі және соған сәйкес қаржылық шығындарды өзіне алуы тиіс.

Қазақстанда ШЫҰ мүше мемлекеттерінің бас прокурорларының жиналысы мен ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесін өткізу өткен жылға сәйкес келіп қалды.

Енді алдағы бірнеше жылда бұл іс-шаралар өзге елдерде өтеді.

2015 жылы Бас прокуратура бекітілген тәртіп бойынша халықаралық ұйымдардың өкілдіктері, дипломатиялық миссия басшылары және шет елдік делегациялардың қатысуымен өзге де бірқатар форумдардың ұйымдастырушысы болды, олар:

Республика Конституциясының құқық қорғаушылық әлеуетін іске асыру және қылмыстық сот ісін жаңғырту жөніндегі жиналыс;

Сот төрелігі және құқықтық тәртіп жөніндегі «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» атты кіші комитеттің 13-ші отырысы және Адам құқықтары бойынша диалогтың 7-ші отырысы;

Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясы.

Осындай іс-шаралардың өткізуіне бөлінген бюджеттік қаражат заңнамаларға сәйкес және белгіленген рәсімдерді сақтай отырып пайдаланылды.

Депутат Омархан Өксікбаевтың мәлімдеме жасауына аталған форумдар туралы оның жеткілікті мәліметі болмауы негіз болған деп санаймыз.

Сәйкес сұрау хат түскен жағдайда Бас прокуратура өткізілген іс-шаралар туралы толық мәліметті ұсынуға дайын”- делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз