Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Баян Мақсатқызы: Менен үлгі алмаңыздар! (видео)

Баянның айтуынша, мұндай шешім қабылдауы үшін 4 ай керек болғанын айтады. Ол бұл ретте ешкімнің пікіріне арқа сүйемегенін баса айтады.

“Осыған байланысты көп мәселе, қоңыраулар болды. Қысым жасағандары да бар.

Қоғам әрдайым әрқилы пікір ұстанады. Біреу менің шешімімді жақтаса, біреу оны даттайды. Бірақ одан ешнәрсе өзгеріп кетпейді. Өмір бойы қорқып өмір сүруге болады. Біз адам секілді сөйлестік, мен онымен дос болып қалғым келді, өйткені арамызда балалар бар” – дейді ол.

Баян бұрынғы күйеуінің уақытша ұстау изольяторында 4 ай болғанын, осы уақыт аралығында ол көп нәрсені түсінгенін жеткізді.

Блогер оның көп әйелге үлгі екенін айтып, болашақ жоспары туралы да сұрапты.

“Менен үлгі алса екен, идеал санап, мені бір дәрежеге көтерсе екен деген емеспін. Мен жүрегі, жаны, қол мен аяғы бар қатардағы адаммын. Әркім өзі қорытынды шығарады, әр отбасының өз қағидаттары бар. Менен үлгі алудың қажеті жоқ”

– дейді Баян Мақсатқызы.

Ол сөз соңында ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір күні әйелдердің құқығын қорғайтын ұйымды қолға алатынын айтыпты.

Блогер өз жазбасында Баянның Есентаева деген тегі өзгермейтінін, ал “Есентаева продакш” деген фирмасының атауы да сол күйі қалатынын жазыпты. Бұл туралы видеода айтылмайды. Сондықтан бұл ақпараттың анық-қанығын әлі анықтау керек секілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз