Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Баян Есентаева тегін өзгертті. Ол енді Баян Мұхитденова болды

113

Өз басынан өткен қайғылы әрі ауыр жағдайдан соң танымал продюсер ел танитын 20 жыл бойғы тегінен бас тартты. Ол осыған дейін 20 жыл бұрын отасқан күйеуі Бақытбек Есентаевтың тегінде болған еді. Баян жуырда БАҚ-қа берген сұхбатында күйеуімен ажырасқанын мәлімдеген еді.

Қазір Бақытбек Есентаевқа қатысты сот процесі Талдықорған қаласында өтіп жатыр. Сот отырысына Баян қатыспады. Оның орнына ол Үндістанға кетіп, сол жақта ем қабылдап жатыр.

Сот әділ қазылар алқасының төрелігімен өтеді. Әзірге, әділ қазылар әлі іріктеліп алынған жоқ. Олар Есентаевтың әйелін өлтірмек болған-болмағанын шешетін болады.

Еске сала кетелік, Бақытбек Есентаев 10-шілдеде әйелі Баянға қызғаныштан тап беріп, өлімші етіп сабаған. Бірнеше сағатқа созылған тепкі кезінде Есентаев әйеліне пышақ салып, бас-көзіне қатты зақым келтірген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз